
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу тиімділігін аралық бағалау, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін 3 лауазымды адамға «сөгіс» түрінде және Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1 қызметкеріне «ескерту» түрінде тәртіптік жазалар қолданылды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі