
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ активтерінің басқарылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ Басқармасының 2021 жылғы 21 қаңтардағы шешімімен әкімшілік-басқару персоналы қызметкерлеріне және өндірістік персоналдың жекелеген лауазымдарына арналған еңбекақы төлеудің грейдерлік жүйесі қолданысқа енгізіледі. (ӘБП қызметкерлеріне және өндірістік персоналдың жекелеген лауазымдарына еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру қағидалары, грейдтерді ескере отырып, жаңа штат кестесі, лауазымдық айлықақылар мөлшерін айқындай отырып, ӘБП қызметкерлерінің тізбесі бекітілді).
Есеп комитетінің баспасөз қызметі