
Есеп комитетінің ұсынымдарын іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №391-VI ҚРЗ Заңының шеңберінде Бюджет кодексінің 97-бабына түзетулер енгізілді.
Осы түзетулерге сәйкес жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындысы бойынша бюджет қаражатын үнемдеу түрінде қалыптасқан, қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтар квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдаған шешім бойынша бюджетке қайтарылуы мүмкін.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі