
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде ағымдағы жылдың 2-4 желтоқсан аралығында бейнеконференцбайланыс режимінде Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Есеп комитеті, тексеру комиссиялары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар, сондай-ақ басқа да ұйымдар жұмыскерлері мен жеке тұлғалар арасынан 48 кандидатпен әңгімелесу жүргізілді.
Отырыстардың қорытындылары бойынша 31 кандидатқа «Мемлекеттік аудитор» біліктілігі, 1 кандидатқа «Ішкі мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді, ал 16 кандидатқа мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылды, 5 сертификатын қайтарып алды.
Сонымен қатар, іс-шара аяқталғаннан кейін Ұлттық комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі