
Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетің қызметкерлері 2020 жылдың 3 қыркүйегінде ТМД-ға қатысушы елдердің қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылы шеңберінде онлайн форматта «Мемлекеттік басқаруды дамыту және тиімділігін арттырудағы цифрлық технологиялар» тақырыбында тәжрибе алмасу бойынша семинарға қатысты.
Семинарды Ресей Федерациясының Есеп палатасы ұйымдастырып, өткізді. Әзербайжанның, Беларусьтың, Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның ЖАО өкілдері мемлекеттік аудит және қаржы бақылау саласындағы ақпараттық жүйелерді пайдалану тәжрибелерімен бөлісті.
Аталған семинарда Әдіснама және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Л.Б. Қашымова және ақпараттандыру секторының меңгерушісі Н.Ж. Өтебаев Есеп комитетінің Интеграцияланған ақпараттық жүйесінің енгізілу процесі және Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша бірыңғай дерекқорды қолданылуы туралы баяндама жасады.
Семинар соңында қатысушылар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды дамыту мақсатында ақпараттық жүйелерді енгізу және пайдалану мәселесі бойынша ынтымақтастықтың әрі қарай дамитындығына үміт білдірді.
Сайтқа сілтеме http://incosai2019.ru/ru/news/111