Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының логотипі

Жоғары аудиторлық палатасының туында алтын түстес шұғыла мен өрнек, сондай-ақ қалқып ұшқан қыран мен ұлттық нақыштағы өрнектер қолданылған логотип бейнеленген.
Қыран Қазақстан Республикасының ұлттық нышандарының бірі, оның логотипте бейнеленуі қадағалау мағынасын білдіреді. Қанатын жайған құс бейнесі үнемі даму, жаңа шыңдарды бағындыруға ұмтылыс мағынасын білдіріп, осыны логотипті тұтынушыларға ауызша түрде ұғындырады.
Тең қабырғалы өрнекте құрылымның Қазақстан Республикасының билік органдарына жататындығының бейнесі ретінде ежелгі қазақ суреті пайдаланылған. Өрнекте қолданылған элементтер - қазақ мәдениетіндегі даналық пен өмірлік тәжірибені суреттейді. Өрнекті тең қабырғалы етіп жайғастыру идеясы тұрақтылық және тепе-теңдік түсінігін нақтылайды. Сонымен қатар өрнек тұтынушы үшін айырмасы білінетін салмақты, қабылдауға жеңіл әрі айқын екендігін білдіріп, Жоғары аудиторлық палатасы қызметінің ашықтығын көрсетеді.