Меню

Страницы

Статья

Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары бойынша тексеру комиссиялары мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары бойынша тексеру комиссиялары мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктейтіні туралы хабарлайды. Ол Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 12-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттарына сәйкес өткізіледі.

Тексеру комиссияларының мүшелері лауазымына кандидаттар мынадай:

1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 4-тармағына сәйкес бекітілген біліктілік талаптарына;

2) бухгалтерлік есеп және аудит саласында мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) халықаралық біліктілігінің болуы;

3) экономика (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағалау өлшемшарттарына сәйкес келуі тиіс.

Тексеру комиссияларының мүшелері лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге қатысуға ниет білдірген адамдар хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Жоғары аудиторлық палатаға rk.konkurs@esep.gov.kz электрондық мекенжайына мынадай құжаттарды:

1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

2) білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелерін;

3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

Мемлекеттік қызметшілер «Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қызметтік тізімді ұсынады;

4) мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы халықаралық біліктілік туралы сертификаттың көшірмесін жіберуі қажет.

Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 2 шілдеде басталады.

Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 16 шілде,  сағат 18.30-да аяқталады.

Анықтама үшін телефон: +7(7172) 70-69-82.

 

 

 

Қосымша

Тексеру комиссияларының төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидаларына және оларды бағалау өлшемшарттарына

 қосымша

__________________________
              (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені ___________________________________ тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына кандидаттарды іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Тексеру комиссияларының төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидаларының және оларды бағалау өлшемшарттарының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Ұсынылып отырған құжаттарымның түпнұсқалылығына жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________

______________________________________________________

______________________________________________________

______________________________________________________

Мекен жайы: _______________________________________________

 

Байланыс телефоны: _________________________________________

 

e-maіl: ______________________________________________________

 

ЖСН: _______________________________________________________

 

_________ ___________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«____»_______________ 20__ ж.

Дата публикации
01 июля 2025
Дата обновления
01 июля 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

22 июля 2025
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды оқыту және сертификаттау бойынша жиі қойылатын сұрақтар
Хабарлама
01 июля 2025
Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары бойынша тексеру комиссиялары мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыру
13 марта 2025
Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы және Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымдарына кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы