Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы және Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымдарына кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы және Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымдарына кандидаттарды іріктейтіні туралы хабарлайды. Ол Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 12-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттарына сәйкес өткізіледі.
Тексеру комиссиясының төрағасы/мүшесі лауазымына кандидаттар мынадай:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 17-бабы 4-тармағына сәйкес бекітілген біліктілік талаптарына;
2) бухгалтерлік есеп және аудит саласында мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) халықаралық біліктілігінің болуы;
3) экономика (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағалау өлшемшарттарына сәйкес келуі тиіс.
Тексеру комиссиясының төрағасы/мүшесі лауазымына кандидаттарды іріктеуге қатысуға ниет білдірген адамдар хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Жоғары аудиторлық палатаға rk.konkurs@esep.gov.kz электрондық мекенжайына мынадай құжаттарды:
1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелерін;
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
Мемлекеттік қызметшілер «Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қызметтік тізімді ұсынады;
4) мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы халықаралық біліктілік туралы сертификаттың көшірмесін жіберуі қажет.
Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 13 наурызда басталады.
Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 31 наурызда сағат 18.30-да аяқталады.
Анықтама үшін телефон: +7(7172) 70-69-75.
Қосымша
Тексеру комиссияларының төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидаларына және оларды бағалау өлшемшарттарына
қосымша
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ___________________________________ тексеру комиссиясының төрағасы / мүшесі лауазымына кандидаттарды іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Тексеру комиссияларының төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидаларының және оларды бағалау өлшемшарттарының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Ұсынылып отырған құжаттарымның түпнұсқалылығына жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
Мекен жайы: _______________________________________________
Байланыс телефоны: _________________________________________
e-maіl: ______________________________________________________
ЖСН: _______________________________________________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.