Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы мүшесінің лауазымына кандидаттарды іріктейтіні туралы хабарлайды. Ол Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы 9 қыркүйектегі №12-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттарына сәйкес өткізіледі.
Тексеру комиссияларының мүшелері лауазымына кандидаттар мынадай бағалау өлшемшарттарына сәйкес келуі тиіс:
Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына кандидаттарды іріктеуге қатысуға үміткерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Жоғары аудиторлық палатаның rk.konkurs@esep.gov.kz электрондық мекенжайына мынадай құжаттарды жіберуі керек:
1) қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтініш;
2) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
Мемлекеттік қызметшілер «Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қызметтік тізімді ұсынады;
4) мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы халықаралық біліктілік туралы сертификаттың көшірмесі.
Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 7 ақпанда басталады.
Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 20 ақпанда сағат 18.30-да аяқталады.
Анықтама үшін телефон: +7(7172) 70-69-75.
Қосымша
Тексеру комиссияларының төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидаларына және оларды бағалау өлшемшарттарына
қосымша
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ___________________________________ тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына кандидаттарды іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Тексеру комиссияларының төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидаларының және оларды бағалау өлшемшарттарының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды беремін.
Ұсынылып отырған құжаттарымның түпнұсқалылығына жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
Мекен жайы: _______________________________________________
Байланыс телефоны: _________________________________________
e-maіl: ______________________________________________________
ЖСН: _______________________________________________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.