Жоғары аудиторлық палата Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жоғары қаржылық бақылау (аудит) органдары үшін мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына төрағалық етеді.
Жұмыс тобының қызметі шеңберінде стандарттар мен әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында тәжірибе және білім алмасу жүзеге асырылады.