Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАНДЫРУ

Мемлекеттік аудиторды сертификаттау (бұдан әрі – сертификаттау) – білімін растау және Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткерлерді сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияда (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) өтетін әңгімелесу арқылы кандидатқа тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беру рәсімі.

Сертификаттау мына кезеңдерді қамтиды:

1) кандидаттың білімін растау;

2) кандидаттың Ұлттық комиссияда әңгімелесуі («Мемлекеттік аудитор сертификатын беру» мемлекеттік қызметі).

СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ

Сертификаттау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 5-тармағына сәйкес, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң бойынша айқындалған оқыту ұйымдары мемлекеттік аудитор біліктілігін беру үшін үміткерлерді оқыту бойынша қызмет көрсетеді.

Сертификаттау пәндері бойынша үміткерлерді «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС және «Қаржы академия» ЖШС оқытады.

Білімді растау «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС базасында компьютерлік техниканы пайдалана отырып, біліктілік емтихандарын тапсыру жолымен жүргізіледі.

Қағидалардың 12-тармағына сәйкес үміткер мына пәндер бойынша біліктілік емтиханын тапсырады:

  • бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік;
  • мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау;
  • бюджет, салық заңнамасы және өзге де заңнама.

СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ

«Мемлекеттік аудитор сертификатын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) сертификаттаудың екінші кезеңінен, яғни Ұлттық комиссиядағы әңгімелесуден бастап көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін үміткер Қағидаларға сәйкес құжаттарды «цифрлық үкіметтің» веб-порталындағы жеке кабинеті арқылы тапсырады.

Құжаттарды тапсыру жөніндегі видео және мәтін түріндегі нұсқаулықтармен төмендегі сілтемелер арқылы танысуға болады.

Құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулық

Видео нұсқаулық 

"Госаудит: сертификация" ЖИ-боты

Дата публикации
13 марта 2023
Дата обновления
12 октября 2026
Тип

Сейчас читают

22 июля 2025
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды оқыту және сертификаттау бойынша жиі қойылатын сұрақтар
Хабарлама
01 июля 2025
Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары бойынша тексеру комиссиялары мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыру
13 марта 2025
Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы және Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымдарына кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы