Аудиторлық іс-шараның атауы: Спортшыларды, соның ішінде жоғары жетістіктер спорты саласындағы спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу.
Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асырудың тиімділігін бағалау.
Мемлекеттік аудит объектілері: «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемелері, «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Республикалық спорт колледжі», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары, «Барыс Трэвэл», «YESTOUR» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.
Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылғы
1 қыркүйектен 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін (Аудит бағдарламасының жекелеген мәселелеріне толыққанды талдау жүргізу және ашу мақсатында қосымша 2014 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең талдаумен қамтылды).