Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Маңғыстау облысы және Алматы қаласы бойынша тексеру комиссияларының төрағасы лауазымына кандидаттарды іріктейтіні туралы хабарлайды. Ол Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 12-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттарына сәйкес өткізіледі.