Денсаулық сақтау министрлігінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының халықты және денсаулық сақтау объектілерін дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша қызметінің, сондай-ақ мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша АҚПАРАТ

Аудиторлық іс-шараның атауы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының халықты және денсаулық сақтау объектілерін дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша қызметінің, сондай-ақ мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізу.

Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы жүйесін мемлекеттік реттеу мен дамытудың тиімділігін бағалау.

Мемлекеттік аудит объектілері: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» (бұдан әрі – ДСМ, Министрлік), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» (бұдан әрі – МФБК, Комитет) мемлекеттік мекемелері, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ДЗСҰО), «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – СҚ-Фармация, Бірыңғай дистрибьютор), «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҰҒДСДО).

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін (фармацевтика саласының көрсеткіштеріне талдау жүргізу үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан басталатын кезең қамтылды).

Денсаулық сақтау министрлігінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының халықты және денсаулық сақтау объектілерін дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша қызметінің, сондай-ақ мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша АҚПАРАТ
Дата публикации
04 июня 2025