Конкурстық комиссия құрамына бағалаушыларды іріктеу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін «Стратегиялық жоспарлау» бағыты бойынша бағалаушыларды іріктеу өткізіледі.
Бағалаушы ретінде конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер eqyzmet.gov.kz интернет-порталына тіркелуі тиіс.
Іріктеуге қатысуға 2025 жылғы 21 шілдеден бастап 2025 жылғы 25 шілдеге дейін өтінім беруге болады.