Аудиторлық іс-шараның атауы: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына бөлінген республикалық бюджет қаражатының және оның активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу.
Мемлекеттік аудиттің мақсаты: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен оның өңірлік филиалдары қызметінің тиімділігін, «НЗМ» ДББҰ-ның орта білім беру жүйесінің дамуына әсерін бағалау.
Мемлекеттік аудит объектілері:
«Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі» мемлекеттік мекемесі (Оқу-ағарту министрлігі, Министрлік), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – НЗМ ДББҰ, ДББҰ, НЗМ), Алматы қаласындағы «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы (ХББ Алматы), Алматы қаласындағы «Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы (ФМБ Алматы), Шымкент қаласындағы «Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы (ФМБ Шымкент), Шымкент қаласындағы «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы (ХББ Шымкент), Түркістан қаласындағы «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы (ХББ Түркістан), Астана қаласындағы «Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы (ФМБ Астана), «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы (ББО), «NIS ақпараттық технологиялар және қызмет көрсету орталығы» жеке мекемесі (АТҚКО), «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі (ПШО), «Даму қоры» корпоративтік қоры (Даму қоры).
Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2019 жылғы 1 қаңтар - 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығы (жекелеген мәселелерді талдау үшін басқа кезеңдер қамтылды).