Ақтөбе облысына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары туралы АҚПАРАТ

Аудиторлық іс-шараның атауы: «Ақтөбе облысына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу»

Аудит нысанасы (аудит объектісі және мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең)

Мемлекеттік аудит объектілері: мемлекеттік мекемелер: Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы; Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы; Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік басқармасы; Мәртөк аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі; Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы; Байғанин аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі; Алға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі; Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі; Ақтөбе облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы; Ақтөбе облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы; Мұғалжар аудандық тұрғыш үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі; Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі; Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі; Ақтөбе қ. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2019 жылғы 1 қаңтар – 2023 жылғы 30 маусым аралығы.

Дата публикации
05 октября 2023