Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Халықаралық қызмет

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы халықаралық ұйымдармен және шетелдік жоғары аудит органдарымен (ЖАО) екіжақты негізде де, көпжақты форматта да ынтымақтастықты дамытуда.

Жоғары аудиторлық палата – 2000 жылдан бастап Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (ИНТОСАИ) және оның өңірлік бірлестіктерінің – АЗОСАИ (2000 жылдан бастап) және ЕУРОСАИ (2003 жылдан бастап) мүшесі. Бұдан басқа, Жоғары аудиторлық палата Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭКОСАИ) желісі бойынша жоғары аудит органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

Жоғары аудиторлық палата аталған халықаралық ұйымдар ұйымдастыратын іс-шараларға белсенді қатысады, оның барысында жоғары аудит органдарының өкілдері пікір алмасуға, аудиттің озық практикасымен алмасуға және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік алады.

Жоғары аудиторлық палата түрлі халықаралық ұйымдар жұмыс органдарының, халықаралық жұмыс топтарының және комитеттердің қатысушысы:

  • ИНТОСАИ желісі бойынша – Әлеуетті арттыру комитеті, Білім және білім беру қызметтерімен алмасу комитеті, Экологиялық аудит жөніндегі жұмыс тобы, ОДМ және орнықты дамудың түйінді көрсеткіштері жөніндегі жұмыс тобы, Мемлекеттік сатып алуға аудит жүргізу жөніндегі жұмыс тобы, Кейіннен аудит жұргізу жөніндегі жұмыс тобы;
  • ЕУРОСАИ желісі бойынша – Экологиялық аудит жөніндегі жұмыс тобы, Апаттардың алдын алуға және олардың салдарын еңсеруге бөлінетін қаражатқа аудит жүргізу жөніндегі жұмыс тобы, Жұмыс істеу ортасын талдау жөніндегі жоба (EUROSAI DEA);
  • АЗОСАИ желісі бойынша – Экологиялық аудит жөніндегі жұмыс тобы, АТ-аудит жөніндегі жұмыс тобы, Орнықты даму мақсаттары жөніндегі жұмыс тобы, Өңірлік және муниципалдық деңгейде аудит жүргізу жөніндегі жұмыс тобы;
  • ЭКОСАИ желісі бойынша – 2019 жылы Жоғары аудиторлық палата 2019-2022 жылдар аралығында ЭКОСАИ Президентінің қызметін атқарды. 2022 жылдан бастап Жоғарғы аудиторлық палата 2022-2025 жылдар кезеңіне ЭКОСАИ Басқарма кеңесінің мүшесі болып табылады;
  • ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ЖАО ынтымақтастық желісі бойынша – бірлескен бақылау іс-шаралары;
  • ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің ЖАО өзара іс-қимыл желісі бойынша – семинарлар, бірлескен және қатар аудиторлық (бақылау) іс-шаралар;
  • ТМД-ға мүше мемлекеттердің ЖАО өзара іс-қимыл желісі бойынша – ЖАП ТМД-ның жоғары қаржылық бақылау (аудит) органдары үшін мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына төрағалық етеді.

 

Жоғары аудиторлық палата әріптес елдердің ЖАО-мен ынтымақтастық туралы 30 келісімге қол қойды.

2015 жылдан бастап Жоғары аудиторлық палата Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей ЖАО-мен бірлесіп жыл сайын ЕАЭО органдарында сыртқы аудит жүргізеді. Сонымен қатар 2011 жылдан бастап Жоғары аудиторлық палата ЕАЭО шеңберінде кедендік әкелу баждарын есепке алу, бөлу және аудару тәртібінің сақталуына аудит жүргізеді.

Қазақстан Жоғары аудиторлық палатасы 2018-2020 жылдар аралығында және 2021-2023 жылдар кезеңіне АЗОСАИ аудиторлық комитетінің мүшесі ретінде екі рет сайланды.

2024 жылы Жоғарғы аудиторлық палата 2024-2027 жылдар кезеңіне АЗОСАИ Басқарма кеңесінің мүшесі болып сайланды.

2024 жылы Жоғары аудиторлық палатаның өкілі үш жылдық мерзімге Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның (Австрия) тәуелсіз аудиторы болып сайланды.

Жоғары аудиторлық палата ИНТОСАИ халықаралық стандарттарын сақтауға ерекше мән береді. Осыған байланысты 2019 жылы Эстонияның жоғары аудит органы Жоғары аудиторлық палата қызметіне дәрежесі бойынша тең тексеру жүргізді. 2023 жылғы қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы мен Литваның ұлттық аудит офисі, Португалия аудиторлар соты және Түркия шоттар соты арасында тең тексеру бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Осы Меморандумды орындау шеңберінде 2024-2025 жылдары Литва, Португалия және Түркияның жоғары аудит органдары Жоғары аудиторлық палатаның қызметіне дәрежесі бойынша тең тексеру жүргізетін болады.

Соеымен қатар, Жоғары аудиторлық палата Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк және БҰҰДБ сияқты халықаралық донорлық ұйымдармен ынтымақтастықты белсенді дамытуда.

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы шет елдердің жоғары аудит органдарымен ынтымақтастыққа дайын.

 

Байланыс деректері:

Тел.: +7 7172 70-70-22

E-mail: int.rel@esep.gov.kz

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы