Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
a.tengebaev@esep.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатысының мүшесі
Общая информация, образование

1971 жылы 22 қаңтарда Торғай облысының Амангелді ауылында туған. 

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2002 жылы «Қайнар» университетін бітірген.

Карьера

1993 ж. — «Казагропромбанк» АҚ Торғай филиалының маманы.

1994–1996 жж. — «Казагропромбанк» АҚ Амангелді аудандық филиалының экономисі, аға экономисі.

1996 ж. — «Казагропромбанк» АҚ Торғай облыстық филиалының информатика бөлімінің бас инженер-программисі.

1996–1997 жж. — «Казагропромбанк» АҚ Амангелді аудандық филиалының басқарушысы.

1997–2003 жж. — Алматы қаласы бойынша салық басқармасының салық инспекторы, сектор меңгерушісі, бас салық инспекторы, басқарма бастығы, бөлім бастығы.

2003–2004 жж. — қаржы полициясы органдарында қызмет еткен.

2004–2005 жж. — «Ақпараттық технологиялар паркі» салық комитетінің бөлім бастығы, Алматы қ.

2005–2007 жж. — Семей қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы.

2007–2009 жж. — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша салық комитетінің төрағасы.

2009–2010 жж. — Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Мамандандырылған басқармасының бастығы.

2010–2012 жж. — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары.

2012–2016 жж. — Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.

2016–2018 жж. — Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.

2018–2019 жж. — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2019–2022 жж. — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 11 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 1499 қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «ЕАТ 10 жылдығы (Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топ туралы)» медалімен, «Еуразиялық экономикалық одақ құруға үлес қосқаны үшін» 2-дәрежелі медалімен, ведомстволық және мерекелік наградалармен марапатталған.

Жетекшілік ететін бағыты

  • Мемлекеттік аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу.
  • Жоғары аудиторлық палатаның қызметін жетекшілік ететін бағыттары бойынша ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.
  • Әзірлеушілері орталық мемлекеттік органдар болып табылатын НҚА жобаларын жетекшілік ететін бағыттары бойынша қарау (келісу).

Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

  • Қаржы министрлігі.
  • Ұлттық Банк.

Консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл

  • Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім бойынша Еуропалық комиссиямен келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы.
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия.

Халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл

  • Еуразиялық экономикалық комиссия және халықаралық экономикалық интеграция (бюджетке түсетін түсімдер бойынша мәселелер бөлігінде).

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы