Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
a.isenov@esep.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Амангелді Сағындықұлы Есенов
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі
Общая информация, образование

1978 жылғы 21 шілдеде Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Қарағанды металлургия институтын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Карьера

2000-2002 жж. — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің Бюджеттік кредиттеу және кредиттік бағдарламалар басқармасының жетекші экономисі, жетекші маманы, бас маманы.

2008-2010 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы, ішкі қаржылық бақылау және бюджеттік кредиттеу департаментінің басқарма басшысы.

2010-2011 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы, бюджеттік кредиттеу, тиісті бюджеттік бағдарламаларды талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары.

2011-2013 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, концессиялық жобалар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік инвестициялары департаментінің директоры.

2013-2017 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры.

2017-2022 жж. — Еуразиялық даму банкінің Бизнес дамуы жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.

2024 жылы Қазақстанның Даму Банкі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2025 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының № 398-VIII СП қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 1495 қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2026 ж.), ведомстволық және мерекелік наградалармен марапатталған.

Жетекшілік ететін бағыты

  • Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын үйлестіру.
  • Жетекшілік ететін бағыттар бойынша Жоғары аудиторлық палатаның қызметін ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.
  • Орталық мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік-құқықтық актілер жобаларын жетекшілік ететін бағыттары бойынша қарау (келісу).

Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

  • Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары.

Консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл:

  • Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі.

Халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл:

  • Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ұйымдар.
  • Еуропалық Одақ шеңберіндегі ұйымдар.
  • ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдары басшыларының кеңесі.

 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы