Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
y.engel@esep.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Юлия Федоровна Энгель
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі
Общая информация, образование

1982 жылы 3 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық-заң университетін (Астана қ., 2003 ж.), Қазақ гуманитарлық-заң университетінің жанындағы магистратураны (Астана қ., 2005 ж.), Мәскеу қаласындағы Қазіргі заманғы гуманитарлық академияны (Мәскеу қ., 2007 ж.) бітірген.

Жоғары санатты мемлекеттік аудитор, мемлекеттік аудитордың халықаралық сертификаты бар (CIPFA Public Auditoр, Ұлыбритания).

Карьера

Еңбек жолын 2000 жылдан жеке ұйымдарда заңгер көмекшісі, заңгер, бас заңгер болып бастаған.

2005–2008 жж. — «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ЖАҚ-та (Астана қ.) кіші ғылыми қызметкер, азаматтық, азаматтық іс жүргізу және заңнаманың өзге де аралас салалары бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі сектор меңгерушісі, Заң жобалары жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

2008–2009 жж. — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК Құқықтық қамтамасыз ету және кадр қызметі бөлімінің заң консультанты, құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы.

2009–2016 жж. — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Заң бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік және қаржы бөлімінің, Заң бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын атқарды.

2016–2021 жж. — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы (меңгерушісі).

2021–2022 жж. — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 607-VII ПМ қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 1500 қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2016 ж.), ведомстволық және мерекелік наградалармен марапатталған.

Жетекшілік ететін бағыты

  • Жоғары аудиторлық палатаның стратегиялық дамуы.
  • Цифрландыру.
  • Аудитті әдіснамалық қамтамасыз ету.
  • Жоғары аудиторлық палатаның қызметін жетекшілік ететін бағыттары бойынша ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.
  • Әзірлеушілері орталық мемлекеттік органдар болып табылатын НҚА жобаларын жетекшілік ететін бағыттары бойынша қарау (келісу).
  • Жоғары аудиторлық палата әзірлеген қаржы тәртібін арттыру мәселесі бойынша заңнамалық актілерді қарау (келісу).

Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі.
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайы.
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі.

Консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл

  • Республикалық бюджет комиссиясы құрамында байқаушы.
  • Жоғары аудиторлық палатаның Ғылыми-әдіснамалық кеңесі.
  • Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес.
  • Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу және бақылау жөніндегі комиссия.

Халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл

  • Еуразиялық экономикалық комиссия және халықаралық экономикалық интеграция (бюджетті жоспарлау және атқару бөлігінде).
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы.
  • Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (ИНТОСАИ) түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі жұмыс тобы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы