Меню

Страницы

Статья

Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігіне жүргізген мемлекеттік аудит қорытындылары туралы

2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит объектілерінде квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді: Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тобыл» МКК, Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің «Теплоцентр» МКК, Қарасу ауданы әкімдігінің аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығымен «Шығыс» МКК.

Жүргізілген мемлекеттік аудит 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде қаражат 2 926 097,6 мың теңге көлемінде қамтылды.

Аудит объектілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамауы нәтижесінде аудитпен белгіленген бұзушылықтар сомасы 404 822,0 мың теңгені немесе аудитпен қамтылған қаражат көлеміне 13,8% -ды құрады, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар, барлығы-354 517,3 мың теңге, оның ішінде өтеуге жататындар-243 094,9 мың теңге, қалпына келтіруге жататындар-111 422,4 мың теңге;

2) мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану сомасы 42 935,4 мың теңгені құрады;

3) ықтимал шығындар мен жоғалған пайда - 7 369,3 мың теңге;

4) 47 бірлік мөлшеріндегі рәсімдік бұзушылықтар және 7 жүйелік кемшіліктер.

Аудит барысында 50 158,5 мың теңге қалпына келтірілді.

Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кентіне жылумен қамтамасыз ететін «Тобыл» МКК - на тиесілі 11,2 км жылу желісінің 8,02 км немесе 71,6% ауыстыру қажет, Федоров ауданының «Теплоцентр» МКК-да ұзындығы 1 км немесе 64,0% Красноармейская жылу трассасы, Қарасу ауданының «Шығыс» МКК-0,03 км (60%) ауыстыруды талап етеді.

Желілердің тозуы көптеген апаттардың, сондай-ақ жылу мен судың шамадан тыс жоғалуының себебі болып табылады.

Қаржылық бұзушылықтардың себептері білікті кадрлардың болмауы, олардың төмен жалақыға байланысты ауысуы болды.

Мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану фактілері, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар төлеуге байланысты фактілер анықталды.

Халықтың әлеуметтік тұрақтылығын сақтау мақсатында тарифтердің өсуін жасанды тежеу кәсіпорындарға табиғи монополиялар және мемлекеттік мүлік туралы заңдарға қайшы келетін реттелетін қызметтерден пайда табуға мүмкіндік бермейді.

Тарифтік сметаның шығындарын орындамау және амортизациялық аударымдарды мақсатсыз пайдалану себебінен өтемдік тарифті белгілеу табиғи монополиялар субъектілерінің қаржылық жағдайын одан қиындатады.

Сонымен қатар, аудит заңнамадағы кемшіліктерді анықтады, олар бойынша тиісті ұсыныстар беріледі.

Аудит қорытындысы бойынша аудит объектілеріне, құрылтайшылар мен уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                                      Н.Томилина

Дата публикации
27 апреля 2023
Дата обновления
27 апреля 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
29 декабря 2025
Баспасөз хабарламасы
Баспасөз релиздері
17 декабря 2025
Қостанай облысы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бағытталған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Ақпарат
27 марта 2025
ҚР жоғары аудиторлық палатасы төрағасының грамотасымен Н. В. Томилинаны марапаттау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы