Меню

Страницы

Статья

Сарыкөл ауданы мекемелерінің бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 10 817 301,3 мың теңге сомасында қаражат қамтылды. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзушылықтардың белгіленген жалпы сомасы 329 646,8 мың теңгені құрады, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар - 282 535,4 мың теңге, оның ішінде: өтелуге жататын-22 426,7 мың теңге, қалпына келтіруге жататын-260 108,7 мың теңге;

2) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау-43 025,0 мың теңге;

3) бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы-4 111,2 мың теңге.

Сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметінде 35 бірлік мөлшерінде заңнаманы рәсімдік бұзушылықтар белгіленді, оның ішінде: бюджет заңнамасы – 17 бірлік, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнама – 12 бірлік, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама – 3 бірлік, өзге де салалық заңнама-3 бірлік.

Сонымен қатар, 3 бірлік көлемінде жүйелік кемшіліктер анықталды.

Анықталған бұзушылықтар келесі сипатқа ие:

Объектілер қызметкерлерге жалақы, жәрдемақы, сыйлықақы, іссапар шығындары түрінде ақшалай қаражатты негізсіз төлеу фактілеріне жол береді.     Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар мен қорлардың құнын көрсету бойынша шаралар қабылданбайды.      

Тікелей және түпкілікті нәтижелердің жоспарлы көрсеткіштерін дұрыс жоспарламау және мониторинг жүргізбеу, заттай нормалардан асып кету және нормативтік құқықтық актілерді бұзу нәтижесінде бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен пайдаланудың жекелеген фактілері анықталды.

Республикалық бюджеттен бөлінген атаулылық және нысаналы сипат қағидаттарын бұза отырып, бюджет қаражатын пайдалану фактілеріне жол беріледі.

Сонымен қатар, аудит барысында рәсімдік сипаттағы бірқатар бұзушылықтар анықталды, соның ішінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Белгіленген бұзушылықтарға лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын аудит объектілерін дұрыс қолданбауы, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтамауы, сондай-ақ өзінің функционалдық міндеттерін тиісінше орындамауы нәтижесінде жол берілді.

Сонымен қатар, жүйелік кемшіліктер анықталып, көрсетілген:

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңында аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдік аппаратының басшысы үшін құзыреттер болмаған жағдайда;

 - Қазақстан Республикасының заңнамасында жобалау-сметалық құжаттама бойынша белгіленген мерзімдер, ол ескірген деп танылған кезде және оны түзетілгеннен кейін іске асыру жөніндегі мерзімдері болмаған жағдайда;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде құрылымдық бөлімшелер басшыларының орынбасарларының сыныптамасы болмаған жағдайда.

Аудит қорытындысы бойынша объектілерге бұзушылықтарды жою, бухгалтерлік есеп және Мемлекеттік сатып алу туралы Заңнаманы бұзу фактілері бойынша ұйғарымдар енгізілді, лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленіп, Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасына жіберілді.

Дата публикации
31 мая 2023
Дата обновления
31 мая 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
29 декабря 2025
Баспасөз хабарламасы
Баспасөз релиздері
17 декабря 2025
Қостанай облысы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бағытталған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Ақпарат
27 марта 2025
ҚР жоғары аудиторлық палатасы төрағасының грамотасымен Н. В. Томилинаны марапаттау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы