Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 6 735 582,2 мың теңгені құрады, оның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар 8 436,7 мың теңге, оның ішінде қалпына келтіруге жататындар 5 731,8 мың теңге, өтеуге жататындар 2 704,9 мың теңге;
2) тиімсіз жоспарлау-44 523,1 мың теңге;
3) тиімсіз пайдалану - 6 682 622,4 мың теңге.
Ықтимал шығындар, жоғалған пайда 655 485,0 мың теңгені құрады. Рәсімдік бұзушылықтар 44 бірлік, жүйелік кемшіліктер 45 бірлік.
Тұтастай алғанда, мемлекеттік аудит нәтижелері кәсіпорындардың мемлекеттік қолдаусыз және қайырымдылық көмегінсіз өз қызметін жүзеге асыру қабілетіне байланысты тарифтік саясатты қайта қарау қажеттілігін көрсетеді.
Жалпы ұзындығы 182,77 км жылу желілерінің 2021-2022 жылдары «Рудный жылу желілері» ЖШС 19,7 км жөндеу жұмыстарын жүргізді, бұл шартты норманың 107,8% құрайды. Жылумен жабдықтаудың жай-күйін жақсарту және дамыту негізінен бюджеттік инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Жылу желісінің жағдайын жақсарту бойынша белсенді шаралар 2020 жылдан бастап, жылумен жабдықтаушы ұйымның меншік иесі ауысқаннан кейін қолданыла бастады. Екі жыл ішінде жылу желілерінің тозуы 68,8% - дан 68,5% - ға дейін төмендеді.
Қазіргі уақытта ұйымды білікті қызметкерлермен қамтамасыз ету мәселесі бар. Білікті кадрлармен қамтамасыз ету коэффициенті 81,5 % құрайды.
«Рудный қаласы бойынша жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау» тарифі бойынша рентабельділігі теріс 2021 жылға 0,66, 2022 жылға 0,94.
«Қашар кенті бойынша жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау» қызметі бойынша 2021 жылғы тарифтің рентабельділігі теріс 0,66, 2022 жылы оң 1,19. Тарифтердің теріс рентабельділігі кәсіпорынның шығындарын өтемейтін тарифтердің бекітілуінен туындайды. Бұл ретте, олар нақты деректер бойынша бекітілген жағдайда, тариф өте жоғары болып көрінер еді, бұл кейіннен халықтың әлеуметтік шиеленісіне әсер етуі мүмкін. Кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі бар, бос жұмыс орындарының саны 46 бірлікті құрады.
Жалпы сомасы 1 451 089,2 мың теңгені дамыту мақсатында тартылған бюджеттік инвестициялар нысаналы мақсатына сәйкес 70,8% - ға немесе 1 027 255,4 мың теңге сомасында игерілді.
Белгіленген бұзушылықтардың негізгі сомасы есепті кезеңдердің соңында оларды игермеуіне байланысты тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы болып табылады, олар: 2020 жылдың соңына 329 949,9 мың теңге, 2021 жылдың соңына 3 824 632,3 мың теңге, 2022 жылдың соңына 1 971 160,4 мың теңгені құрады.
Тиімсіз жоспарлау бойынша бұзушылықтардың негізгі сомасы тиімділіктің белгіленген лимитінен тыс 33 940,0 мың теңге сомасына жеңіл техниканы сатып алумен байланысты.
Тұтынушыларға жылу энергиясын пайдаланғаны үшін төлемді қосымша есептеуге байланысты 376,2 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар.
«Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК:
Жылу желілерінің тозуы 63,0 % құрады. Қостанай ЖЭО моральдық ескірген күйде, физикалық тозуы 66% құрайды. №2 және №3 қазандықтар бойынша физикалық тозу тиісінше 53% және 56% құрады. Шағын қазандық цехының тозуы 36% құрады.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі бар. Кадрлардың тұрақсыздығы жоғары. Бос орындар саны 110 бірлікті құрады. Кәсіпорынның білікті кадрлармен қамтамасыз етілу коэффициенті 86,1 % құрайды.
«Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау» тарифі бойынша тарифтің рентабельділігі ұсынылған мәннен төмен және 0,9 құрады.
Бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне келесідей қол жеткізілді:
Қостанай қаласындағы №3 қазандықтың электр жабдықтары мен алаңішілік желілерін қайта жаңарту аяқталды. Тікелей нәтиже көрсеткіштері 99,75% орындалды. Шығындар 784 372,0 мың теңгені құрады, бұл қажеттіліктің 98,7% -ды құрайды. 4 жоба бойынша көрсеткіштер қаражаттың игерілмеуіне байланысты орындалмады.
Белгіленген бұзушылықтардың негізгі сомасы есепті кезеңдердің соңында оларды игермеуіне байланысты тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы болып табылады, олар: 2020 жылдың соңына 6 364,4 мың теңге, 2021 жылдың соңына 79 878,3 мың теңге, 2022 жылдың соңына 422 087,4 мың теңгені құрады.
Тиімсіз жоспарлау бойынша бұзушылықтардың негізгі сомасы өз қаржы ресурстарының жеткіліктілігіне тиісті талдау жүргізбей тауарларды мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізумен байланысты және кәсіпорынның 6 172,1 мың теңге сомасына ақша қаражатын бұруға алып келді.
4 181,7 мың теңге мөлшеріндегі қаржылық бұзушылықтардың негізгі сомасы жылу энергиясын пайдаланғаны үшін дұрыс емес тарифті қолданумен байланысты.
Аудит нәтижелері бойынша жылумен жабдықтау саласындағы қызметті жақсарту бойынша тиісті ұсынымдар, тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
Толығырақ ақпарат Тексеру комиссиясының 27.04.2023 жылғы № 4 қаулысымен бекітілген аудиторлық қорытындыда көрсетілген.
Тексеру комиссиясының мүшесі Р. Байгабулов