«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 31.03.2026 - 02.04.2026
Қабылдау 1 этап: 03.04.2026- 07.04.2026
Қабылдау 2 этап: 09.04.2026
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 10.04.2026
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
15.04.2026
Сұхбат: 20.04.2026
Анықтама телефоны: 87076351962
D-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 380391
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы сапаны бақылау бөлімінің
бас инспектор-мемлекеттік аудиторы, D-3 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)
Функционалдық міндеттері:
Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы
қарау;
МАҚБ қағидаларына сәйкес аудиторлық іс-шаралар бойынша сапаны
бақылауды жүзеге асыру (алдын ала зерделеу сапасын, аудит Жоспарлары мен
аудит Бағдарламасының жобаларын, барлық қосымшалары бар Аудиторлық
есептердің жобаларын, Аудиторлық қорытындылар мен Нұсқамалардың
жобаларын, бұзушылықтардың жиынтық тізілімдерін бақылау);
Аудит объектілерінің аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдарды,
оның ішінде қарау нәтижелері туралы ақпаратты және оларды қарау мен
шешім қабылдау туралы растайтын құжаттарды, Нұсқамалардың тапсырмалық
тармақтарының орындалуын, оның ішінде мемлекеттік аудит объектісі мен
мүдделі тұлғалар жіберетін Нұсқамалардың орындалу нәтижелері мен
растайтын құжаттар туралы ақпаратты уақтылы және толық қарауын
бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
Ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалу нәтижелері немесе аудит
объектісі мен мүдделі тұлғалардан қосымша ақпаратты сұрату қажеттілігі
туралы қызметтік жазбалардың жобаларын дайындау;
Аудит объектісін аудиторлық қорытындыда және Нұсқаманың
тармақтарында берілген ұсынымдардың орындалуы туралы аудит объектісінің
ұсынылған ақпараты бойынша қабылданған шешімдер туралы жазбаша
хабардар ету;
Аудиторлық іс-шара материалдарының сапасын бақылауды аяқтау
бойынша аудиторлық іс-шараға алдын ала бағалау жүргізу;
Бірінші жартыжылдық қорытындылары бойынша ағымдағы жылдың 20
шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде және жыл қорытындылары бойынша
есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірілмейтін мерзімде
қорытынды бағалау жүргізу;
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы әдіснамалық
құжаттарды әзірлеуге қатысу;
Бөлімге жүктелген міндеттер шегінде аналитикалық жазбалар,
анықтамалар, ақпараттар дайындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар
беру;
Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама
талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, тексеру комиссиясы
қызметкерлерінің тарапынан жол берілген, белгілі болған әрбір сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылық жағдайы туралы, сондай-ақ сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру мақсатында оған және
тексеру комиссиясының қызметкерлеріне жүгінудің барлық жағдайлары
туралы тексеру комиссиясы төрағасының назарына жеткізу;
Бекітілген жоспарға сәйкес тексеру комиссиясының қызметкерлеріне
техникалық оқыту жүргізу;
Басшылықтың тапсырмаларын орындау.
Қосымша талаптар:
мемлекеттік аудитордың сертификаты
Жеке талаптар:
Мемлекеттік аудитор сертификатының болуы
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент,
халықаралық құқық, құқықтану, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит,
экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару,
құқықтану, халықаралық құқық, экономика, менеджмент, есеп және аудит,
қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, мемлекеттік
аудит, информационные технологии, информационные технологии
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану,
адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім
қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның
штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5,
B- 5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес
лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе
арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери
қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем
емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда үш жылдан кем емес;
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.