2025 жылғы «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Тексеру комиссиясының төрағасының 04.03.2026 жылғы №24-н/қ бұйрығымен құрылған жұмыс тобы құрамында: Тексеру комиссиясының мүшесі Ш.Ж.Қосабаев, аппарат басшысы Г.Д.Тасқымбаева, Қостанай облыстық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, гендерлік және жастар саясаты, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Т.Б.Булгацевич, жоспарлау, талдау және есеп беру бөлімінің басшысы А.А.Шәріпова, сапаны бақылау бөлімінің мемлекеттік аудит бөлімі басшысының м.а.– Н.В.Томилина, әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы А.К.Бисахалов,  ӘҚБ бас инспектор бас бухгалтерінің Г.К.Ағыбаева, ӘҚБ бас инспекторы- заңгері С.С.Исмаилова  2026 жылғы 10 наурызынан 18 наурызы аралығында Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) 2025 жылғы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Дата публикации
18 марта 2026