«Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылғы қызметі туралы есебі

 

Қостанай облысы бойынша

Тексеру комиссиясының

төрағасы

Д. А. Костюковқа

 

«Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ

әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылғы қызметі туралы есебі

 

Есепті 2025 жыл ішінде әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері жөнінде жеке кеңес беру көмекті барлығы 68 тұлғаға, соның ішінде 58 мемлекеттік қызметшілерге және 10  жеке тұлғаларға көрсетті.

Мемлекеттік мекеменің Әдеп жөніндегі уәкілі 2025 жылы 6 жеке қабылдау өткізді. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді, бір мәселе бойынша заңнаманы әзірлеуші уәкілетті органға жүгіну ұсынылды.

2025 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша, оның ішінде 11 техникалық оқу, 10 нұсқаулық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 60-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің және Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында техникалық оқу (нұсқама) өткізуге тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі тартылады. Өткізілген нұсқаулықтардың хаттамалары өткізілетін аудиторлық іс-шара бойынша жиынтық папкаға тігіледі. Барлығы 2025 жыл ішінде 10 нұсқаулық өткізілді.

Сонымен қоса, Тексеру комиссия төрағасының 2018 жылғы 25 қаңтардағы №12-н/қ бұйрығымен Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің және Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының мемлекеттік аудиторлармен сақтауын талдау үшін сауалнама нысаны бекітілді.

Есепті кезеңде 14 аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің 83 лауазымды тұлғасы арасында сауалнама жүргізілді. Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларының Ережелерді сақтайтындығын жүргізілген талдау көрсетті. Мемлекеттік аудиторлар өзін әдепті, қарапайым және құрметпен ұстайды, аудит нәтижесінде бұзушылықтардың анықталған фактілері бойынша дәлелдемелерді қабылдайды, сонымен қатар киімнің іскерлік стилін, жұмыс күн тәртібін сақтайды және жұмыс орнындағы назар аудару белгілеріне, артықшылықтарға, сыйлықтар қабылдауға және т. б. жол бермейді.

2025 жыл ішінде Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 бұйрығының                2-қосымшасына сәйкес екі анонимді сауалнама (маусым, желтоқсан) жүргізді. Анонимді сауалнама қорытындысы бойынша жүргізілген талдау мекеме басшысына ұсынылды. Сонымен қатар, мемлекеттік органда моральдық-психологиялық ахуалды айқындау жөніндегі Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне анонимді сауалнама жүргізу қорытындылары Тексеру комиссиясының мүшелері мен бөлімдерінің басшыларына олар жетекшілік ететін бөлімдерде талқылау үшін назарларына жеткізілді.

Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуалды қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі, әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына жәрдемдесудегі ынталандыру мен уәждемені арттырғаны үшін 4 мемлекеттік қызметші көтермеленді.

Facebook, Instagram және «Табыс тарихы» мемлекеттік органының веб-сайтында келесі қызметкерлер бойынша әдеп жөніндегі уәкілі  ақпараттар дайындады және орналастырды: Томилина Наталья Васильевна, Испудинов Арман Жақсыбекұлы - Тексеру комиссиясының мүшелері, Дорошко Светлана Владимировна – жергілікті бюджеттің кірістері мен активтерді пайдалану аудиті бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудитор, Жақсан Рауан Оразалыұлы –әлеуметтік сала шығыстары аудиті бөлімінің басшысы- мемлекеттік аудиторы, Мұхаметова Жанар Танатқанқызы – әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы-заңгері.

Сонымен қоса, Facebook платформасында «Лудомания – қазіргі қоғам   дерті» тақырыбындағы баяндамасы  дайындалды және  жарияланды.

Қазіргі уақытта әдеп жөніндегі уәкіл азаматтардың өтініштерін қарау мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзумен шектелмей, мемлекеттік орган функционалының барлық спектрін қамтиды. Мысалы, есепті кезеңде мемлекеттік қызметке кіру жөніндегі мәселелерден басқа әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы, мемлекеттік аудитор мен мемлекеттік аудит объектісі арасындағы жанжалды шешу туралы және осындай жағдайларда уәкілдің рөлі туралы сұрақтар болды.

Мемлекеттік органда барлық мемлекеттік қызметшілер заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтайды, оның ішінде кадрлық шешімдер кезінде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу, игіліктер мен артықшылықтарды бөлу, мемлекеттік сатып алу, декларацияларды уақтылы және дұрыс тапсыру, кәсіпкерлік қызметпен айналысу және т. б.

 

 

    Аппарат басшысы,

    әдеп жөніндегі уәкіл                                                                   Г. Тасқымбаева

 

                                                                                                   2026 жылғы 13 қаңтар

 

 

Дата публикации
16 января 2026