Мемлекеттік активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік
аудитінің қорытындылары туралы
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 8 765 548,9 мың теңге көлемінде қаражат қамтылды. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзудың жалпы сомасы 155 924,7 мың теңгені құрады, оның ішінде:
27 бірлік мөлшеріндегі рәсімдік бұзушылықтар және 2 жүйелік кемшілік.
Мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі, оның ішінде олардың міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты заңнаманы рәсімдік бұзу 27 бірлік мөлшерінде белгіленген (1 факт-бюджет заңнамасын бұзу, бюджетті жоспарлау; 6 факт – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі бұзушылықтар; 10 факт-Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар; 10 факт-өзге де заңнаманы бұзу).