БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА пайдаланушы ұйымдарға берілмеген және пайдалануға берілмеген жобаларды іске асырудың тиімділігі

БАСПАСӨЗ  ХАБАРЛАМА

Пайдаланушы ұйымдарға берілмеген және пайдалануға

берілмеген жобаларды іске асырудың тиімділігі

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен мемлекеттің қаражаты мен активтері 27 035 212,0 мың теңге көлемінде қамтылды, белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасы 9 705 954,4 мың теңгені немесе қамту көлемінің 36% - % құрады. Қаржылық бұзушылықтардың үлес салмағы жалпы бұзушылықтар көлемінде 7,3 % немесе 711 610,8  мың теңгені құрады. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 40 315,4 мың теңгені, бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз пайдалану 8 954 028,2 мың теңгені құрады.

Аудитпен бюджеттік бағдарламалардың 8 әкімшісі іске асыратын 77 құрылыс объектісі қамтылды. Оның ішінде 18 жоба аяқталған жоқ, 59-ы аяқталған, бірақ пайдаланушы ұйымдарға берілмеген, анықталған бұзушылықтардың сипаты инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жоспарлаудағы, іске асырудағы және кейіннен берудегі жүйелік проблемалар туралы куәландырады. Сот процестері, мердігерлердің ауысуы, қаржыландырудың жетіспеушілігі — ұзақ мерзімді құрылыстың жалпы себептері ретінде.

Жобалардың аяқталмауы:

- мердігерлердің міндеттемелерді уақтылы орындамауы;

- жұмыс кестесінен артта қалу;

- уақтылы және толық емес қаржыландырумен;

-сапасыз жоспарлау мен материалдардың қымбаттауына байланысты жобалау-сметалық құжаттаманы түзету қажеттілігі.

Аталған себептер облыс аудандары мен қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсер етіп, Бюджеттік инвестициялық жобалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізбеуге әкелді. Кейбір жағдайларда Арқалық қаласындағыдай көппәтерлі тұрғын үй, Жітіқара ауданында - газ тұтынатын энергетикалық қондырғы, Чайковский ауылын сумен жабдықтау желілерінің құрылысы, құрылыс аяқталған кезде объектіге қажеттілік жоғалды, бұл күрделі салымдардың тиімсіздігін көрсетеді.

Аяқталған, бірақ пайдаланушы ұйымдарға берілмеген объектілер:

- жоспарлау кезеңінде жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуге арналған шығыстарды қоспау;

- жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттардың болмауы;

-  атқарушылық және техникалық құжаттаманың жоғалуы, не болмауы;

- коммуналдық инфрақұрылым объектілерін республикалық деңгейдегі квазимемлекеттік ұйымдарға берудің белгіленген заңнамалық тәртібінің болмауы.

  Аудит нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы нұсқамалар жіберілді, тиісті ұсынымдар берілді.   

 Коммуналдық инфрақұрылым объектілерін беру тәртібі бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жолданды. Қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол бермеу бойынша ұсыныстар берілді.  

         Материалдар «Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» ММ-ге жолданды:

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін: «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ, «Қарасу ауданы әкімдігінің қала құрылысы және құрылыс сәулет бөлімі «ММ, « Федоров ауданының қала құрылысы және құрылыс сәулет бөлімі» ММ;

- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін: «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ, «Б. Майлин ауданы әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ , «Жітіқара ауданы әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі ММ, « Қостанай ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі » ММ;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін: «Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

 

      Тексеру комиссиясының мүшесі                         Р. Байгабулов

пресс-релиз
Дата публикации
24 декабря 2025