Денисов ауданы мекемелерінің жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігі мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Денисов ауданы мекемелерінің жергілікті атқарушы органдар

қызметінің тиімділігі мемлекеттік  аудитінің қорытындылары туралы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 8 825 693,2 мың теңге көлемінде қаражат қамтылды. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзудың жалпы сомасы 817 366,2 мың теңгені құрады, оның ішінде:

  1. Қаржылық бұзушылықтар, барлығы - 322 324,9 мың теңге, оның ішінде өтеуге – 625,5 мың теңге, қалпына келтіруге-321 699,4 мың теңге;
  2. Бюджет қаражатын, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану сомасы 454 951,4 мың теңгені құрады;
  3. Тиімсіз жоспарлау сомасы-40 089,9 мың теңге;
  4. 70 бірлік мөлшеріндегі рәсімдік бұзушылықтар және 1 жүйелік кемшілік.

 

Мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі, оның ішінде олардың міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты заңнаманы рәсімдік бұзу 701 бірлік мөлшерінде белгіленген (23 факт-бюджет заңнамасын бұзу, бюджетті жоспарлау, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және орындау бөлігінде; 25 факт – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі бұзушылықтар; 1 факт - Құрылыс және қала құрылысы саласындағы заңнаманы бұзу; 9 факт-Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар; 12 факт-өзге де заңнаманы бұзу).

Дата публикации
23 декабря 2025