Ұзынкөл ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша ақпарат
Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес Ұзынкөл ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметінің мемлекеттік тиімділігі жүргізілді.
Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерін белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасы 4 592 464,8 мың теңге, оның ішінде:
1) 189 441,1 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде өтелуге жататын - 1 755,8 мың теңге, қалпына келтіруге-187 685,3 мың теңге;
2) 564 872,1 мың теңге сомасына бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз жоспарлау;
3) 3 838 151,6 мың теңге сомасына бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану;
4) 46 бірлік мөлшеріндегі рәсімдік бұзушылықтар.
Мемлекеттік аудит объектілері бөлінісінде мыналар белгіленген:
Ұзынкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ.
Аудитпен қамтылған қаражат көлемі-6 338 981,5 мың теңге.
Белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы - 90 011,9 мың теңге, оның ішінде бюджетке өтелуге жататын – 298,3 мың теңге, бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге – 72 644,2 мың теңге, жұмыстарды орындауды қамтамасыз ету жолымен қалпына келтіруге – 17 069,4 мың теңге.
Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы 564 212,1 мың теңге, тиімсіз пайдалану сомасы-45 396,3 мың теңге.
Рәсімдік бұзушылықтар саны-25 бірлік.
Ұзынкөл ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі ММ.
Аудитпен қамтылған қаражат көлемі-3 526 461,6 мың теңге.
Белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы - 99 206,0 мың теңге, оның ішінде өтелуге жататын - 1 337,8 мың теңге, есепке алу және құрылыс жұмыстары бойынша қалпына келтіруге - 97 868,2 мың теңге.
Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 3 623 635,1 мың теңгені құрады.
Рәсімдік бұзушылықтар саны-8 бірлік.
Ұзынкөл ауданы Троебратское ауылы әкімінің аппараты ММ.
Аудитпен қамтылған қаражат көлемі - 220 842,5 мың теңге.
Белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы - 205,5 мың теңге, оның ішінде өтелуге жататын 102,0 мың теңге, қалпына келтіруге жататын 103,5 мың теңге.
Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы 178,0 мың теңгені құрады.
Бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз пайдалану сомасы - 169 120,2 мың теңге
Рәсімдік бұзушылықтар саны-8 бірлік.
Ұзынкөл ауданы Бауман селосы әкімінің аппараты ММ.
Аудитпен қамтылған қаражат көлемі - 100 525,7 мың теңге.
Өтеуге жататын қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 17,7 мың теңгені құрады.
Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы 482,0 мың теңгені құрады.
Рәсімдік бұзушылықтар саны-5 бірлік.
3 аудит объектісі бойынша («Ұзынкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, Ұзынкөл ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі ММ, Ұзынкөл ауданы Троебратское ауылы әкімінің аппараты ММ) Материалдар Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне берілді.
Аудит барысында анықталған жекелеген бұзушылықтарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарға бөлінген бюджет қаражаты нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылды және игерілді.
Бюджеттік бағдарламаларды және оларды іске асыру жөніндегі есептерді әзірлеу, жасау кезінде ішінара формальды тәсілді қолдану бюджеттік бағдарламаның мақсатымен өзара байланыстыра отырып, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланған бюджеттің орындалуының дұрыстығын толық көлемде қамтамасыз етпейді.
Мекеменің міндеттері мен функцияларын іске асыру кезінде бюджет қаражаты Бюджет кодексінде көзделген тиімділік қағидаттарынан ауытқумен ұтымсыз пайдаланылды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.