Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің мемлекеттік аудитінің қорытындылары бойынша ақпарат
Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған Тізбесіне сәйкес «Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі»ММ шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Аудитпен есепті кезеңнің соңына шоғырландырылған бухгалтерлік баланс валютасының көлемі 3 069 803,3 мың теңге қамтылды.
Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзудың жалпы сомасы 101 825,0 мың теңгені құрады, оның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептілікті бұрмалау-101 825,0 мың теңге;
2) рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны-1 бірлік.
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке әкеп соққан бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігі бойынша белгіленген бұзушылықтар ескертпемен пікір білдіруге негіз болды.
«Ұзынкөл ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»"ММ және «Ұзынкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі »ММ аудиторлық есебінің материалдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 238-бабында көзделген әкімшілік бұзушылық белгілері бар Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне берілді.
Аудит объектісіне тиісті ұсыныстар берілді.