Ұзынкөл ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Ұзынкөл ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудитпен 4 объект қамтылды («Ұзынкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Ұзынкөл ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, «Ұзынкөл ауданының Троебратское ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Ұзынкөл ауданының Бауманское ауылы әкімінің аппараты» ММ).

Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 10 186 811,3 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерін белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасы 4 592 464,8 мың теңге, оның ішінде:

1) 189 441,1 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде 1 755,8 мың теңге өтелуге, 187 685,3 мың теңге қалпына келтіруге жатады;

2) 564 872,1 мың теңге сомасына бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз жоспарлау;

3) 3 838 151,6 мың теңге сомасына бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану;

4) 46 бірлік мөлшеріндегі рәсімдік бұзушылықтар.

Баспасөз хабарламасы
Дата публикации
02 декабря 2025