Баспасөз хабарламасы
Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің мемлекеттік аудитімен 1 объект қамтылды («Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі»ММ).
Аудитпен есепті кезеңнің соңына шоғырландырылған бухгалтерлік баланс валютасының көлемі 3 069 803,3 мың теңге сомасында қамтылды.
Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзудың жалпы сомасы 101 825,0 мың теңгені құрады, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептілікті бұрмалау-101 825,0 мың теңге;
- процедуралық сипаттағы бұзушылықтар саны-1 бірлік.
Шоғырландырылған қаржылық есептілік компоненттерінің аудит нәтижелері бойынша мыналар анықталды:
- 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қызметкерлерге пайдаланылмаған демалыстар бойынша жалпы сомасы 1 336,8 мың теңге резерв есептелмеген;
- бухгалтерлік есеп бойынша аяқталмаған құрылыс бойынша жалпы сомасы 56 994,8 мың теңгеге күрделі шығындар анық көрсетілмеген;
- жалпы сомасы 43 493,4 мың теңгеге негізгі қаражат кіріске алынбаған.