"Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы " 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 14 қаулы

«Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы»мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына сәйкес, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесібекітілсін.
  2. Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 15 наурыздағы №2««Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7664 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Тексеру комиссиясының әкімшілік-құқықтық бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісіне  енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді.

2)  осы қаулыны Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Тексеру комиссиясы аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

«Қостанай облысы бойынша

Тексеру комиссиясы»

мемлекеттік мекемесінің төрағасы                            Д. Костюков

 

Дата публикации
29 сентября 2025