Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білімін дамытуға жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің әсер ету тиімділігінің мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білімін дамытуға жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің әсер ету тиімділігінің мемлекеттік аудитімен 5 нысан қамтылды («Қостанай автомобиль көлігі колледжі» КМҚК, «Қазақстан агротехникалық колледжі» КМҚК, «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК, «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК,«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ).

Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 47 605 391,3 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерін белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасы 9 003 693,1 мың теңге, оның ішінде:

1) 68 111,9 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде 1 136,0 мың теңге өтелуге, 66 975,9 мың теңге қалпына келтіруге жатады;

2) 781 260,7 мың теңге сомасына бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану;

3) 8 099 442,1 мың теңге сомасына бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз жоспарлау;

4) 54 878,4 мың теңге сомасына ықтимал шығындар және жоғалған пайда;

5) 39 бірлік санындағы рәсімдік бұзушылықтар, 15 бірлік санындағы заңнамадағы жүйелік кемшіліктер мен олқылықтар.

Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білімін дамытуға жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің әсер ету тиімділігінің мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша баспасөз хабарламасы
Дата публикации
12 сентября 2025