|
Баспасөз хабарламасы 2025 жылғы 4 қыркүйекте Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында іске асырылмаған жобалау – сметалық құжаттамалар бойынша сараптамалық - талдау іс-шарасының қорытындысы шығарылды, оның барысында 01.05.2025 жылғы жағдай бойынша 61 жобаны іске асыру күтілмейтіні анықталды. Іске асыру жоспарланбаған жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге жұмсалған бюджет шығындарының сомасы 574 494,9 мың теңгені құрады. Іске асыру жоспарланбаған жобалардың ішінен 21 жобаның ескірген жобалау-сметалық құжаттамасы бар. Аталған факт бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану туралы куәландырады Қалған 40 іске асырылмаған жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге жұмсалған шығындар сомасы 329 214,5 мың теңге, келесі үш жыл ішінде іске асырылмаған жағдайда, көрсетілген шығындар сомасы бюджет қаражатын тиімді жоспарлау және пайдалану болып табылмайды.
Тексеру комиссиясының мүшесі Р. Байғабұлов
|