Ақпарат
Іске асырылмаған жобалау – сметалық құжаттамалар
бойынша сараптамалық - талдамалық іс-шара
01.05.2025 жылғы жағдай бойынша құрылыс басталмаған 89 жоба әзірленді. Жобалардың жалпы құны 78 480 759,8 мың теңгені құрайды. Жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге бюджет шығындарының сомасы 829 925,1 мың теңгені құрады.
Жобалардың жалпы санынан 17 576 631,2 мың теңге сомаға 28-ні немесе жалпы санының 32% - іске асыру жоспарлануда. Қалған 61 жоба бойынша (68%) 60 904 128,6 мың теңге сомаға, бюджет комиссиясының қаражаттың болмауы, орындылығы және жобаны қолдамауы себебінен іске асыру күтілмейді.
Іске асыру жоспарланбаған 61-ші жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге жұмсалған бюджет шығындарының сомасы 574 494,9 мың теңгені құрады.
Іске асыру жоспарланбаған жобалардың ішінде 21 жоба немесе жалпы санының 34,4% -. ескірген жобалау-сметалық құжаттама бар. Көрсетілген факт жобаларда көзделген жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілмеуіне байланысты жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану туралы куәландырады, оның ішінде орынсыздығына байланысты 2 жоба. Аталған жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге жұмсалған шығындар сомасы 245 280,4 мың теңгені құрады.
Қалған 40 іске асырылмаған жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге жұмсалған шығындар сомасы 329 214,5 мың теңге, келесі үш жыл ішінде іске асырылмаған жағдайда, көрсетілген шығындар сомасы бюджет қаражатын тиімді жоспарлау және пайдалану болып табылмайды.
Бөліністе мынадай жобаларды іске асыру жоспарланбайды:
«Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы» ММ: 4 ауылдық клубтың ғимараттарын күрделі жөндеу және 1 ауылдық клубтың ғимаратын салу;
«Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы» ММ: 2 балабақша ғимараттарын күрделі жөндеу (Арқалық қ.«Ақ-бота» және Қостанай ауданында «Гүлдер»), «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» КМҚК, «Қазақстан агротехникалық колледжі»КМҚК, «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК (стадион), ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Лисаков арнайы мектеп-интернаты» КММ, Қарабалық ауданының «Новострой орта мектебі» ММ, Денисов ауданының «Солнечный» КММ сауықтыру- жатын корпусы, Қарабалық ауданының ««Достық» балалар сауықтыру лагері» КММ, «Қостанай қаласының №23 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай қаласының жатақхана ғимараты, Быковский көшесі, 9.
«Қостанай облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ:
«Қостанай қаласының «Береке» шағын ауданында 280 орындық балабақша салу», «Қажетті инженерлік инфрақұрылым салу»
Қостанай қаласындағы 400 төсек-орынды көпсалалы ауруханаға (4-жоба: телеонизация, газбен жабдықтау, кәріз, сумен жабдықтау), «Заречный дәрігерлік амбулаториясын қайта жаңарту»Қостанай ауданы, Заречное ауылы, ««Рудный қалалық емханасы» КМК ғимаратын қайта жаңарту», ««Қостанай политехникалық жоғары колледжі» КМҚК жатақханасын салу», «Қостанай сот-медициналық сараптама ғимаратын абаттандыру (қоршау)» «Рудный қалалық ауруханасы КМК мәйітхана ғимаратын қайта жаңарту», «Қарабалық ауданының Тоғызақ жалпы білім беретін мектебі»КММ блок-модульдік қазандығының құрылысы», «Алтынсарин ауданының Щербаково ауылында 120 орындық балабақша құрылысы».
«Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» ММ: ғимараттарды күрделі жөндеу – Бейімбет Майлин ауданының аудандық ауруханасы» МКК, «Ұзынкөл аудандық ауруханасы» КМК, Тобыл қаласының «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК, Тобыл қаласының «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК, «Меңдіқара ауданы Ұзынағаш ауылындағы Қаратал фельдшерлік-акушерлік пункт».
«Қостанай облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ:
- газ тарату желілерінің құрылысы: Бейімбет Майлин ауданы Новоильиновка ауылы, Әулиекөл ауданы Новонежин ауылы;
- сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау: Мичурин, Шеминов, Абай, Жданов - Қостанай ауданы, Жалтыркөл ауылы, Архангельск - Денисов ауданы, Жалғысқан, Карамырза, Жамбыл, Қарасу ауданы, Веселый Подол ауылы - Сарыкөл ауданы, Троебратское ауылы - Ұзынкөл ауданы, Қарақопа - Федоров ауданы, Цабелев-Федоровский ауылы аудан, Новонежинка ауылы - Әулиекөл ауданы, Қарабатыр ауылы-Қамысты ауданы, Елизаветин ауылы - Бейімбет Майлин ауданы, Смирнов ауылы - Қарабалық ауданы;
- Арқалық қаласындағы кәріз және нөсер кәріздерін реконструкциялау;
- Бейімбет Майлин ауданы Тобыл а. жылу желілерін қайта жаңарту, Арқалық қ., Лисаков қ. 4-ші жоба;
- Лисаков қаласында 3 жоба бойынша кабель желілерін қайта жаңарту.
Тексеру комиссиясының мүшесі Р. Байғабұлов