Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22.07.2025 - 28.07.2025
Қабылдау 1 этап: 29.07.2025- 31.07.2025
Қабылдау 2 этап: 04.08.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 05.08.2025-
07.08.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
10.08.2025- 12.08.2025
Сұхбат: 15.08.2025
Анықтама телефоны: 87142568830
D-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы әлеуметтік сала
шығыстарын аудит бөлімінің бас инспектор-мемлекеттік аудиторы, D-3
(Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)
Функционалдық міндеттері:
Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес
сыртқы мемлекеттік аудитті ұйымдастыру және жүргізу;
Аудит жоспарын, бағдарламасын, аудиторлық тапсырманы, тапсырманы,
бақылау өлшеу (қарау) актісін, аудиторлық есепті және анықталған
бұзушылықтар тізілімін жасау;
Аудиторлық іс-шаралардың негізгі көрсеткіштерін ақпараттық жүйеге
уақтылы, сенімді және толық көлемде енгізу;
Аудит материалдарының уақтылы іске асырылуын жүзеге асыру және
мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша тиісті құжаттар мен ақпаратты
дайындау;
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау және оларды
ӘҚББТ АЖ (Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі) уақтылы
енгізу;
Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы
қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар
беру;
Жаңадан қабылданған мемлекеттік аудиторларға практикалық көмек
көрсету;
Бас инспектор – мемлекеттік аудиторға жүктелген міндеттер шегінде
талдамалық жазбалар, анықтамалар, ақпараттар жасау;
Тексеру комиссиясының отырысын дайындауға және өткізуге қатысу;
Жүргізілген аудиторлық іс-шара шеңберінде сот, мемлекеттік органдар
мен өзге де ұйымдарда Тексеру комиссиясының мүдделерін білдіру;
Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама
талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, тексеру комиссиясы
қызметкерлерінің тарапынан жол берілген, белгілі болған әрбір сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылық жағдайы туралы, сондай-ақ сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру мақсатында оған және
тексеру комиссиясының қызметкерлеріне жүгінудің барлық жағдайлары
туралы тексеру комиссиясы төрағасының назарына жеткізу;
Бекітілген жоспарға сәйкес тексеру комиссиясының қызметкерлеріне
техникалық оқыту жүргізу;
Басшылықтың тапсырмаларын орындау.
Қосымша талаптар:
мемлекеттік аудитордың сертификаты
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент,
халықаралық құқық, құқықтану, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит,
экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару,
құқықтану, халықаралық құқық, экономика, менеджмент, есеп және аудит,
қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, мемлекеттік
аудит, информационные технологии, информационные технологииҚосымша
талаптар:
мемлекеттік аудитордың сертификаты
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану,
адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім
қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның
штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5,
B- 5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес
лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе
арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери
қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем
емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда үш жылдан кем емес;
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.