Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22.07.2025 - 28.07.2025
Қабылдау 1 этап: 29.07.2025- 31.07.2025
Қабылдау 2 этап: 04.08.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 05.08.2025-
07.08.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
10.08.2025- 12.08.2025
Сұхбат: 15.08.2025
Анықтама телефоны: 87142568830
D-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы әкімшілік – құқықтық
бөлімінің бас инспектор-бас бухгалтер, D-3 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)
Функционалдық міндеттері:
Мекеменің қаржыландыру жоспары бойынша қаражатты толық игеруді
қамтамасыз ету;
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды
өткізуді ұйымдастыру және жоспарлау (оның ішінде тауарларды, жұмыстарды
және қызметтерді әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жинау);
Түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытында қарау;
Қаржылық, салықтық және статистикалық есептілікті уақтылы жасау және
ұсыну, бухгалтерлік құжаттаманы уақтылы және дұрыс ресімдеу;
Мекемеде бухгалтерлік есеп пен есеп беруді жүзеге асыру;
Мекеменің бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген бюджет
қаражатының нысаналы және тиімді жұмсалуын жүзеге асыру;
Негізгі құралдарға, тауар-материалдық құндылықтарға түгендеуді
уақытында жүргізу;
Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты
объектілерінің орналасқан жері бойынша уақытында есепке қою және тіркеуге
есебін қамтамасыз ету;
Қаржыландыру жоспарларын, бюджет өтінімдерін жасау және мемлекеттік
сатып алу жоспарының дұрыс жасалуын бақылау;
Мемориалдық ордерлерді жасау;
Қызметшілер мен жұмысшылардың жалақысын есептеу;
бас кітапты жасау;
Қаржылындыру жоспары бойынша бөлінген қаржылардың кассалық және
нақты шығыстарын есепке алуды жүргізу;
Негізгі құралдардың есебін жүргізу, материалдық-жауапты тұлғалар
бойынша материалдарды, айналым ведомостарды ресімдеу;
Барлық бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
Қазынашылық органдарымен азаматтық-құқықтық келісімдерді және
банктік операцияларды тіркеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар
беру;
Бөлімге жүктелген міндеттер шегінде БАҚ-пен жұмыс (мақалалар, сөз
сөйлеулерге қатысу) ;
Бекітілген жоспарға сәйкес Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне
техникалық оқу жүргізу;
Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама
талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, тексеру комиссиясы
қызметкерлерінің тарапынан жол берілген, белгілі болған әрбір сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылық жағдайы туралы, сондай-ақ сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру мақсатында оған және
тексеру комиссиясының қызметкерлеріне жүгінудің барлық жағдайлары
туралы тексеру комиссиясы төрағасының назарына жеткізу;
Басшылықтың тапсырмаларын орындау.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика, қаржы, есеп
және аудит, экономика, есеп және аудит, қаржы
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану,
адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім
қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның
штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5,
B- 5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес
лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе
арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери
қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем
емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда үш жылдан кем емес;
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.