Арқалық қаласының салықтық әкімшілендіру тиімділігінің, бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығының мемлекеттік аудиті
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасы 32 624,2 мың теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 21 454,8 мың теңгені немесе бұзушылықтардың жалпы көлемінің 66% құрады. Аудит барысында бюджетке 8 606,6 мың теңге өтелді, бұл өтелуге жататын соманың 40% құрайды. Бюджеттің тікелей (жанама) шығыны 11 169,4 мың теңгені құрады. Процедуралық бұзушылықтар 36 бірлік, жүйелік кемшіліктер 9 бірлік.
Түсімдер болжамының орындалуына жүргізілген талдау Арқалық қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы болжамды параметрлердің орындалуын және түсімдердің оң динамикасын қамтамасыз ететіндігін көрсетті.
2021 жылы МКБ жергілікті бюджетке салық түсімдерін қамтамасыз етті, 2 376,8 млн.теңге сомасында, 2022 жылы 2 549,9 млн. теңге, 2023 жылы 2 978,9 млн. теңге. Түсімдердің өсімі 2021 жылы 5,6%, 2022 жылы 7,3%, 2023 жылы 16,8% құрады.
Сонымен қатар, салық түсімдерінің жекелеген кодтары бойынша болжам оны төмендету есебінен орындалды, бұл бюджеттің кіріс бөлігін орындау кезінде сапалы әкімшілендіруге және қосымша резервтерді іздестіруге ықпал етпейді.
Салық берешегін талдау аудиттелетін кезең ішінде бюджетке берешек 35 758,6 мың теңгеге, 47 036,7 мың теңгеден 11 278,1 мың теңгеге немесе 4,2 есеге төмендегенін көрсетті. Берешекті төмендету сапалы жүргізілетін жұмыс есебінен қамтамасыз етілді.
Аудиттелген кезеңде тіркелген салық төлеушілердің саны 470 бірлікке артып, 2 858 бірлікті құрады. Қолданыстағы салық төлеушілердің саны 710 бірлікке артып, 2 674 бірлікті құрады. Қолданыстағы салық төлеушілердің үлесі 11,4 пайыздық тармаққа өсті (2021 жылғы 82,2% - дан 2023 жылы 93,6% - ға дейін), бұл халықтың экономикалық белсенділігін көрсетеді және аймақтың экономикалық дамуының оң көрсеткіші болып табылады.
Сонымен қатар, аудитпен Мемлекеттік кірістер басқармасының Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қарау жөніндегі функцияларды орындамау фактілері анықталды.
Салық төлеушілердің салық есептілігі нысандарын жасау тәртібін сақтамауының белгіленген фактілері осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарының әлсіздігін көрсетеді. Салық органына мәліметтерді ұсынудың дұрыстығы мен уақтылығы мәселесі бойынша уәкілетті органдардың қызметіне тиісті деңгейде бақылау жүргізілмейді, бұл салықтық әкімшілендіру бөлігінде мемлекеттік кірістер органы қызметінің тиімділігінің жеткіліксіздігін және қосымша резервтерді анықтау жөніндегі жұмыстың әлсіздігін көрсетеді.
Салық органының жұмысындағы олқылықтардың нәтижесінде салық төлеушілердің салық міндеттемелері 20,0 млн. теңгеге төмендетілді, бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығы қамтамасыз етілмеді, 15,8 млн.теңге сомасында, оның ішінде талап қою мерзімі бойынша бюджет шығыны 1,8 млн. теңге.
Табыс көздерін сапалы әкімшілендіруге, салық заңнамасындағы кемшіліктерге, салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама беру жағдайларын шектеу бөлігінде және еңбекші көшіп келушілерге берілген рұқсаттар бойынша мәліметтерді Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріне интеграциялаудың болмауына ықпал етпейді.
Уәкілетті органдар қызметінің аудитімен Арқалық қаласының бюджетіне түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі жетілмегендігі анықталды (56 ықтимал кіріс көздерінен, уәкілетті органдарға 26 код бекітілмеген, ауыл әкімдіктеріне жергілікті өзін-өзі басқарудың тиісті бюджетінің кірісіне түсімдерді өндіріп алу үшін жауапкершілік белгіленбеген), бұл кіріс көздерін тиісті әкімшілендіруге ықпал етпейді және бюджеттің жоғалуына әкеледі.
Бұдан басқа, аудит Мемлекеттік кәсіпорындар таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілейтін органды айқындау бөлігінде мемлекеттік мүлік туралы заң ережелерінің қайшылығын анықтады, бұл норма шығарудың мақсаттарына сәйкес келмейді және жойылуға жатады.
Қаржы бөлімі, тұтастай алғанда, болжамды орындауды және бекітілген кіріс көздері бойынша түсімдердің оң динамикасын қамтамасыз етеді. Коммуналдық мүлік объектілерін жалға беру кезінде мемлекеттік мүлікті жалға беру тәртібі, жалдау төлемдерінің мөлшерін белгілеу және мүлікті өтеусіз негізде берудің негізділігі бөлігінде сақталмайды, бұл жалпы сомасы 1 203,1 мың теңгеге бюджет шығынына әкеп соқтырды.
Жер қатынастары бөлімі жасалған шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылау және мониторингілеу жөніндегі функцияны жүзеге асырмайды. Жасалған шарттар белгіленген үлгілік нысанға толық сәйкес келмейді. Жасалған 147 Шарттың 37 немесе 26% бойынша уақтылы төлем белгіленбеген, бұл ретте жер алушыларға қатысты шаралар қолданылмаған, төлеуге ұсынылмаған тұрақсыздық айыбының жалпы сомасы 4 765,8 мың теңгені құрады.
Жер учаскелерін сатудан 7 772,8 мың теңге сомасында төлемақы түсімдерінің толықтығы қамтамасыз етілмеген, оның ішінде 4 770,8 мың теңге – өндіріп алуға тұрақсыздық айыбын ұсынбауға байланысты бюджет шығыны.
Бюджетке қаражат аудару рәсімінің жетілмегендігіне байланысты 24 728,7 мың теңге сомасында жер пайдалану құқығын сатудан түскен төлемдер заңды тұлғаның (Сауда-саттықты ұйымдастырушының) банктік шотында шоғырландырылды.
Ауылдық округтердің аппараттары жыл сайын пессимистік бюджетті бекітеді, ол кейіннен түсімдердің нақты көлемімен нақтыланады, Бұл ауыл әкімдіктеріне кіріс көздерін тиісті әкімшілендірусіз түсімдердің болжамын орындауға мүмкіндік береді. Заңнама талаптарын сақтамау Ашутасты ауылдық округі бюджетінің, 314,4 мың теңге сомасында, Родина ауылдық округі бюджетінің 1 947,0 мың теңге сомасында шығындарына әкелді.
Тексеру комиссиясының мүшесі Р. Байғабұлов