«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тексеру комиссия), 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112, анықтама телефоны: 8-714-2-56-88-30, электрондық мекенжайы: a.bisakhalov@esep-kst.gov.kz (максималды рұқсат етілген файл өлшемі – 10 MB) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды: Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің бас инспекторы D-3 санаты, А блогы, 1 бірлік, лауазымдық еңбекақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 305232,00 теңгеден 350615,00 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

     Мемлекеттік аудит объектілері (жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша, бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша) бойынша ақпараттық дерекқорды қалыптастыруға бақылауды жүзеге асыру;

     БДБ-на жіберу үшін аудиторлық іс-шаралар бойынша жиынтық деректерді уақтылы қалыптастыруға және жіберуге бақылауды жүзеге асыру;

     Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді уақтылы қарау;        

     Аудиторлық жұмыстың негізгі көрсеткіштерін жинақтау және талдау;

     Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы әдіснамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

     Жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелерінің жай-күйін бағалау, аудиторлық және өзге де іс-шаралардың тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететін шешімдер қабылдауға бағытталған ұсыныстарды қалыптастыру жөнінде материалдар дайындау;

     Құзыретіне сәйкес ведомстволық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі - ВАЖ) енгізілетін деректердің уақтылығын бақылауды жүзеге асыру және ВАЖ қатысты мәселелерді әкімшілендіруді үйлестіру;

    Мониторинг жүргізу және тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалу барысы туралы ақпарат беру;       

    Аудиторлық қызмет қорытындылары бойынша есеп жүргізу;

    Бөлімге жүктелген міндеттер шегінде талдамалық жазбалар, анықтамалар, ақпараттар дайындау;

    Аудиторлық іс-шараларының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды талдау,  жалпылау және жүйелеу;

     Аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы есептерді жасау және уақытылы ұсыну;

     Жергілікті бюджеттің атқарылуына ағымдағы бағалауды жүзеге асыру;

     Мемлекеттік аудит объектілері бойынша (жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша, бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша) деректердің ақпараттық базасын қалыптастыру;                   

     Мемлекеттік аудит объектілерінің тәуекелдерін бағалауды талдау;

     Аудитті жүзеге асыратын қызметкерлердің мемлекеттік аудит есептерін уақтылы іске асыруын бақылау;

     Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;

     Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, тексеру комиссиясы қызметкерлерінің тарапынан жол берілген, белгілі болған әрбір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайы туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру мақсатында оған және тексеру комиссиясының қызметкерлеріне жүгінудің барлық жағдайлары туралы тексеру комиссиясы төрағасының назарына жеткізу;

     Бекітілген жоспарға сәйкес тексеру комиссиясының  қызметкерлеріне техникалық оқыту жүргізу;

     Басшылықтың тапсырмаларын орындау.

Білімі бойынша талаптар:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: бизнес, басқару және құқық (экономика, менеджмент, есеп және аудит, мемлекеттік аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, құқықтану, халықаралық құқық); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық технологиялар).

Жұмыс тәжірибесі келесі талапқа сәйкес болуы тиіс:  

     1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

  Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық

           

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Төрағасы 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бекіткен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

     1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);
           2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын расталған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Үміткерлермен әңгімелесу Тексеру комиссиясының ғимаратында, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112 мекен-жайында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.           Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде шағымдана алады.

 

18.04.2025 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына орналасуға
конкурс өткізу қағидаларының
2-қосымшасы

      Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

          Мені __________________________________________________________________    _____________________________________________________________________________

       бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

      Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға

       және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                         (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Мекенжайы: ______________________

      Байланыс телефондары: ________________

      e-mail: ______________________

      ЖСН: ______________________

       _________ ___________________________

       (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

       20 __ ж. "___"_______________

«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тексеру комиссия), 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112, анықтама телефоны: 8-714-2-56-88-30, электрондық мекенжайы: a.bisakhalov@esep-kst.gov.kz (максималды рұқсат етілген файл өлшемі – 10 MB) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды: Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің бас инспекторы D-3 санаты, А блогы, 1 бірлік, лауазымдық еңбекақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 305232,00 теңгеден 350615,00 теңгеге дейін.
Дата публикации
22 апреля 2025