2024 жылғы «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

       «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Тексеру комиссиясының төрағасы 05.03.2025 жылғы №47-н/қ бұйрығымен құрылған жұмыс тобы құрамында: тексеру комиссиясының мүшесі Ш.Ж.Қосабаев, аппарат басшысы Г.Д.Тасқымбаева, Қостанай облыстық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, гендерлік және жастар саясаты, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Т.Б.Булгацевич, жоспарлау, талдау және есеп беру бөлімінің басшысы А.А.Шарипова, сапаны бақылау бөлімінің мемлекеттік аудит бөлімі басшысының м.а.– Ж.Т.Мұхаметова, әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы А.К.Бисахалов,  ӘҚБ бас инспектор бас бухгалтерінің м.а. А.М.Ельгелдиева, әкімшілік-құқықтық бөлімінің заң және ұйымдастыру жұмысы жөніндегі бас маманы С.С.Исмаилова  2024 жылғы 10 наурыз 17 наурыз аралығында Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) 2024 жылғы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

 

2024 жылғы «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
19 марта 2025