Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.03.2025 - 28.03.2025
Қабылдау 1 этап: 31.03.2025- 02.04.2025
Қабылдау 2 этап: 04.04.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 05.04.2025- 07.04.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
10.04.2025- 12.04.2025
Сұхбат: 16.04.2025
Анықтама телефоны: 87142568830
D-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы сапаны бақылау бөлімінің
бас инспектор-мемлекеттік аудиторы, D-3 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)
Функционалдық міндеттері:
Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы
қарау;
МАҚБ қағидаларына сәйкес аудиторлық іс-шаралар бойынша сапаны
бақылауды жүзеге асыру (алдын ала зерделеу сапасын, аудит Жоспарлары мен
аудит Бағдарламасының жобаларын, барлық қосымшалары бар Аудиторлық
есептердің жобаларын, Аудиторлық қорытындылар мен Нұсқамалардың
жобаларын, бұзушылықтардың жиынтық тізілімдерін бақылау);
Аудит объектілерінің аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдарды,
оның ішінде қарау нәтижелері туралы ақпаратты және оларды қарау мен
шешім қабылдау туралы растайтын құжаттарды, Нұсқамалардың тапсырмалық
тармақтарының орындалуын, оның ішінде мемлекеттік аудит объектісі мен
мүдделі тұлғалар жіберетін Нұсқамалардың орындалу нәтижелері мен
растайтын құжаттар туралы ақпаратты уақтылы және толық қарауын
бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
Ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалу нәтижелері немесе аудит
объектісі мен мүдделі тұлғалардан қосымша ақпаратты сұрату қажеттілігі
туралы қызметтік жазбалардың жобаларын дайындау;
Аудит объектісін аудиторлық қорытындыда және Нұсқаманың
тармақтарында берілген ұсынымдардың орындалуы туралы аудит объектісінің
ұсынылған ақпараты бойынша қабылданған шешімдер туралы жазбаша
хабардар ету;
Аудиторлық іс-шара материалдарының сапасын бақылауды аяқтау