«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тексеру комиссия), 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112, анықтама телефоны: 8-714-2-56-88-30, электрондық мекенжайы: a.bisakhalov@esep-kst.gov.kz (максималды рұқсат етілген файл өлшемі – 10 MB) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды

«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тексеру комиссия), 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112, анықтама телефоны: 8-714-2-56-88-30, электрондық мекенжайы: a.bisakhalov@esep-kst.gov.kz (максималды рұқсат етілген файл өлшемі – 10 MB) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

            Әкімшілік - құқықтық бөлімінің бас инспекторы – бас бухгалтері (уақытша, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2027 жылғы 28 қыркүйекке дейін. Негізгі қызметкер осы мерзім өткенге дейін жұмысқа шығуға құқылы), В блогы,  D-3 санаты, 1 бірлік, лауазымдық еңбекақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 263131,00 теңгеден 302205,00 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері:

     Мекеменің қаржыландыру жоспары бойынша қаражатты толық игеруді қамтамасыз ету;

     Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыру және жоспарлау (оның ішінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жинау);

     Түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытында қарау;

     Қаржылық, салықтық және статистикалық есептілікті уақтылы жасау және ұсыну, бухгалтерлік құжаттаманы уақтылы және дұрыс ресімдеу;

     Мекемеде бухгалтерлік есеп пен есеп беруді жүзеге асыру;

     Мекеменің бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген бюджет қаражатының нысаналы және тиімді жұмсалуын жүзеге асыру;         

     Негізгі құралдарға, тауар-материалдық құндылықтарға түгендеуді уақытында жүргізу;

     Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша уақытында есепке қою және тіркеуге есебін қамтамасыз ету;

     Қаржыландыру жоспарларын, бюджет өтінімдерін жасау және мемлекеттік сатып алу жоспарының дұрыс жасалуын бақылау;

     Мемориалдық ордерлерді жасау;

     Қызметшілер мен жұмысшылардың жалақысын есептеу;

     Салықтарды, жинақтық зейнетақы қорларына зейнетақы жарналарын есептеу, ай сайын №1,2,3,6,8,13  мемориалдық ордерлерін, бас кітапты  жасау;

     Қаржылындыру жоспары бойынша бөлінген қаржылардың кассалық және нақты шығыстарын есепке алуды жүргізу;

     Негізгі құралдардың есебін жүргізу, материалдық-жауапты тұлғалар бойынша материалдарды, айналым ведомостарды ресімдеу;

     Барлық бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

     Қазынашылық органдарымен азаматтық-құқықтық келісімдерді және банктік операцияларды тіркеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

     Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;

     Бөлімге жүктелген міндеттер шегінде БАҚ-пен жұмыс (мақалалар, сөз сөйлеулерге  қатысу) ;

     Бекітілген жоспарға сәйкес Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне техникалық оқу жүргізу;

     Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, тексеру комиссиясы қызметкерлерінің тарапынан жол берілген, белгілі болған әрбір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайы туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру мақсатында оған және тексеру комиссиясының қызметкерлеріне жүгінудің барлық жағдайлары туралы тексеру комиссиясы төрағасының назарына жеткізу;

      Басшылықтың тапсырмаларын орындау.  

 

Білімі бойынша талаптар:  Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: бизнес, басқару және құқық (экономика, есеп және аудит, қаржы).

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талапқа сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.     

           

   Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Төрағасы 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бекіткен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш)
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын расталған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

     Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

     Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

     Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

     Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

    Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

    Үміткерлермен әңгімелесу Тексеру комиссиясының ғимаратында, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112 мекен-жайында өтеді.

    Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

    Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.

     Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

      Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде шағымдана алады.

 

07.03.2025 ж.

 

 

 

Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына орналасуға
конкурс өткізу қағидаларының
2-қосымшасы

      Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

          Мені __________________________________________________________________    _____________________________________________________________________________

       бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

      Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға

       және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                         (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Мекенжайы: ______________________

      Байланыс телефондары: ________________

      e-mail: ______________________

      ЖСН: ______________________

       _________ ___________________________

       (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

       20 __ ж. "___"_______________

 

«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тексеру комиссия), 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112, анықтама телефоны: 8-714-2-56-88-30, электрондық мекенжайы: a.bisakhalov@esep-kst.gov.kz (максималды рұқсат етілген файл өлшемі – 10 MB) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды
Дата публикации
07 марта 2025