«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тексеру комиссия), 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112, анықтама телефоны: 8-714-2-56-88-30, электрондық мекенжайы: a.bisakhalov@esep-kst.gov.kz (максималды рұқсат етілген файл өлшемі – 10 MB) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Әлеуметтік сала шығыстарын аудит бөлімінің бас маманы- мемлекеттік аудитор, D-4 санаты, А блогы, 1 бірлік, лауазымдық еңбекақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 263131,00 теңгеден 302205,00 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес сыртқы мемлекеттік аудитті ұйымдастыру және жүргізу;
Аудит жоспарын, бағдарламасын, аудиторлық тапсырманы, тапсырманы, бақылау өлшеу (қарау) актісін, аудиторлық есепті және анықталған бұзушылықтар тізілімін жасау;
Аудиторлық іс-шаралардың негізгі көрсеткіштерін ақпараттық жүйеге уақтылы, сенімді және толық көлемде енгізу;
Аудит материалдарының уақтылы іске асырылуын жүзеге асыру және мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша тиісті құжаттар мен ақпаратты дайындау;
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау және оларды ӘҚББТ АЖ (Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі) уақтылы енгізу;
Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;
Бас маман – мемлекеттік аудиторға жүктелген міндеттер шегінде талдамалық жазбалар, анықтамалар, ақпараттар жасау;
Тексеру комиссиясының отырысын дайындауға және өткізуге қатысу;
Жүргізілген аудиторлық іс-шара шеңберінде сот, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Тексеру комиссиясының мүдделерін білдіру;
Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, тексеру комиссиясы қызметкерлерінің тарапынан жол берілген, белгілі болған әрбір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайы туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру мақсатында оған және тексеру комиссиясының қызметкерлеріне жүгінудің барлық жағдайлары туралы тексеру комиссиясы төрағасының назарына жеткізу;
Бекітілген жоспарға сәйкес тексеру комиссиясының қызметкерлеріне техникалық оқыту жүргізу;
Басшылықтың тапсырмаларын орындау.
Білімі бойынша талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: бизнес, басқару және құқық (экономика, менеджмент, есеп және аудит, мемлекеттік аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, құқықтану, халықаралық құқық); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық технологиялар).
Мемлекеттік аудитордың сертификатының болуы.
Жұмыс тәжірибесі келесі талапқа сәйкес болуы тиіс: жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Төрағасы 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бекіткен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын расталған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Үміткерлермен әңгімелесу Тексеру комиссиясының ғимаратында, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112 мекен-жайында өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде шағымдана алады.
07.03.2025 ж.
|
|
«Б» корпусының мемлекеттік |
Нысан
|
|
__________________________ |
Өтініш
Мені __________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға
және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___"_______________