Баспасөз хабарламасы
Мемлекеттік борышты, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің борышын басқару тиімділігінің мемлекеттік аудитімен 6 объект қамтылды.
Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 34 091 335,9 мың теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің нормаларын белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасы:
1) 39 829,3 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде 27 451,0 мың теңге өтелуге, 12 378,3 мың теңге қалпына келтіруге жатады;
2) 930 005,7 мың теңге сомасына бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану;
3) 0,0 мың теңге сомасына бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау;
4)19 бірлік мөлшеріндегі рәсімдік бұзушылықтар.
15 244,2 мың теңге сомасына ықтимал шығындар мен жоғалған пайда.
Аудит объектілері бойынша егжей-тегжейлі:
1) «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ 32 753 091,9 мың теңге көлемінде қаражатпен қамтылды. Бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз пайдалану сомасы – 98 111,0 мың теңге және 2 жүйелік кемшілік.
2) «Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ «Жітіқаракоммунэнерго» МКК 348 707,8 мың теңге көлемінде қаражатпен қамтылды. 15 237,0 мың теңге сомасында ықтимал шығындар, 2 бірлік рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
3) «ЖітіқараСервис Орталығы» ЖШС 898 264,4 мың теңге көлемінде қаражатпен қамтылды. Белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 1 451,0 мың теңгені, оның ішінде өтелуге жататын – 1 451,0 мың теңгені, бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз пайдалану сомасы – 831 894,7 мың теңгені, рәсімдік бұзушылықтар – 2 бірлікті құрады.
4) Қостанай ауданы әкімдігінің «Затобол жылу энергетикалық компаниясы» КМК «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 18 164,4 мың теңге көлемінде қаражатпен (активтермен) қамтылды. Процедуралық бұзушылықтар саны - 1 бірлік, ықтимал шығындар және жоғалған пайда 7,2 мың теңге.
5) «Тобыл» МКК Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығында 29 971,8 мың теңге көлемінде қаражат (активтер) қамтылды. Белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 26 000,0 мың теңгені құрады, оның ішінде бюджетке өтелуге жататын бұзушылықтар – 26 000,0 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар саны – 5 бірлік.
6) «Ұлан – С» ЖШС 43 135,6 мың теңге көлемінде қаражатпен (активтермен) қамтылды. Белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 12 378,3 мың теңгені құрады, оның ішінде қалпына келтіруге жататындар – 12 378,3 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар саны – 9 бірлік.