«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22.01.2025 - 28.01.2025
Қабылдау 1 этап: 29.01.2025- 31.01.2025
Қабылдау 2 этап: 04.02.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 05.02.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
08.02.2025
Сұхбат: 12.02.2025
Анықтама телефоны: 87142568830
D-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы агроөнеркәсіптік
кешенінің шығыстарын аудит бөлімінің бас маман - мемлекеттік аудитордың
ассистенті, D-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес
сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізуге қатысу;
Мемлекеттік аудит объектілері бойынша бұзушылықтарды талдау және
жүйелеу;
Аудит жоспарын, бағдарламасын, аудиторлық тапсырманы, тапсырманы,
бақылау өлшемін (қарау) актісін, анықталған бұзушылықтар тізілімін жасау;
Құзыретіне сәйкес ВАЖ-ге аудиторлық іс-шаралардың негізгі
көрсеткіштерін енгізу;
Мемлекеттік аудит материалдарын уақтылы іске асыру;
Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы
қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар
беру;
Бөлімге жүктелген міндеттер шегінде аналитикалық жазбалар,
анықтамалар, ақпараттар жасау;
Тексеру комиссиясының отырысын дайындауға және өткізуге қатысу;
Жүргізілген аудиторлық іс-шара шеңберінде сот, мемлекеттік органдар
мен өзге де ұйымдарда Тексеру комиссиясының мүдделерін білдіру;
Бөлімнің аудиторлық іс-шараларын талдамалық және ақпараттық
сүйемелдеу, сұрау салуларды, хаттарды және қызметтік жазбаларды дайындау;
Отырыс қорытындысы бойынша қабылданған тексеру комиссиясы
шешімдерінің орындалуын мониторингілеу;
Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама
талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, тексеру комиссиясы
қызметкерлерінің тарапынан жол берілген, белгілі болған әрбір сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылық жағдайы туралы, сондай-ақ сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру мақсатында оған және
тексеру комиссиясының қызметкерлеріне жүгінудің барлық жағдайлары
туралы тексеру комиссиясы төрағасының назарына жеткізу;
Бекітілген жоспарға сәйкес тексеру комиссиясының қызметкерлеріне
техникалық оқыту жүргізу;
Басшылықтың тапсырмаларын орындау.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, құқықтану,
әлемдік экономика, мемлекеттік аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті
басқару, есеп және аудит, экономика
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану,
адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік,
қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1 жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.