«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тексеру комиссия), 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112, анықтама телефоны: 8-714-2-56-88-30, 87776368077, электрондық мекенжайы: g.tanatarova@esep-kst.gov.kz (максималды рұқсат етілген файл өлшемі – 10 MB) «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы – бухгалтері (уақытша, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2027 жылғы 28 қыркүйекке дейін. Негізгі қызметкер осы мерзім өткенге дейін жұмысқа шығуға құқылы), Д-4 санаты, 1 бірлік, лауазымдық еңбекақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 226837,00 теңгеден 260564,00 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Мекемеде бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүзеге асыру;
Бухгалтерлік құжаттамаларды дұрыс және уақытында ресімдеу және қаржылық, салық және статистикалық есептілікті тапсыру;
Бюджеттік өтінімдерді және қаржыландыру жоспарларын жасау;
Қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалуын және бюджет қаражатын игерілуін қамтамасыз ету;
Банк құжаттарын өңдеу;
Мемориалдық ордерлерді жасау;
Қызметшілер мен жұмысшылардың жалақысын есептеу;
Салықтарды, жинақтық зейнетақы қорларына зейнетақы жарналарын, облыстық кәсіподақ ұйымына кәсіподақ жарналарын есептеу, ай сайын №5,9 мемориалдық ордерлерін жасау;
Қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражаттың кассалық және нақты шығысының есебін, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу;
Тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау, оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында уақытылы орналастыру (оның ішінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтердің әлеуетті жеткізушілердің баға ұсынымдарын жинақтау) ;
Техникалық тапсырманы (ерекшелікті) әзірлеу және бекіту, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес шарттардың жобаларын жасау;
Мемлекеттік сатып алуды уақытында жүргізу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында қажетті деректерді енгізу;
Негізгі құралдарды, материалдарды есепке алуды жүргізу, материалдық жауапты тұлғалар бойынша айналым ведомостерін ресімдеу;
Барлық бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;
Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, тексеру комиссиясы қызметкерлерінің тарапынан жол берілген, белгілі болған әрбір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайы туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру мақсатында оған және тексеру комиссиясының қызметкерлеріне жүгінудің барлық жағдайлары туралы тексеру комиссиясы төрағасының назарына жеткізу;
Бекітілген жоспарға сәйкес Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне техникалық оқыту жүргізу;
Басшылықтың тапсырмаларын орындау.
Білімі бойынша талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы).
Жұмыс тәжірибесі келесі талапқа сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес*;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Төрағасы 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бекіткен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын расталған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттарды мемлекеттік органның жұмыс уақытында сағат 09-00 бастап 18-00 ге дейін қабылдайды.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Үміткерлермен әңгімелесу Тексеру комиссиясының ғимаратында, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112 мекен-жайында өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде шағымдана алады.
* "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығына сәйкес жұмыс өтілі ретінде:
1) мемлекеттік лауазымдардағы - мемлекеттік саяси лауазымдардағы жұмыс өтілі, мемлекеттік әкімшілік лауазымдардағы жұмыс өтілі, құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарындағы жұмыс өтілі, әскери қызмет өтілі;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заңнамалық актiлерiнде олар үшiн өзгеше құқықтық мәртебе айқындалған өзге де лауазымдардағы – соттар лауазымындағы жұмыс өтілі, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін маслихат депутаттарының жұмыс өтілі танылады.