Салықтық әкімшілендіру тиімділігінің, жергілікті бюджетке түсудің толықтығы мен уақтылығының мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша баспасөз релизі

Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында жүргізілген салықтық әкімшілендіру тиімділігінің мемлекеттік аудиті, «Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Жітіқара ауданының қаржы бөлімі» ММ, «Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Жітіқара ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ.

Белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасы 781 917,4 мың теңгені құрады, оның ішінде:

- бюджетке түсетін түсімдер бойынша қаржылық бұзушылықтар 7 227,6 мың теңге, оның ішінде 1 060,9 мың теңге - мемлекеттік кірістер органының бюджетке түсетін салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз етпеуі; 6 166,7 мың теңге - бюджетке түсетін түсімдерді бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың толық өндіріп алмауы;

- есепке алу бойынша қалпына келтіруге жататын активтерді пайдалану кезіндегі қаржылық бұзушылықтар 739,9 мың теңге;

- бюджеттің тікелей (жанама) шығыны 296 023,8 мың теңге;

- мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану 477 926,1 мың теңге.

Бюджеттің атқарылуына жүргізілген талдау Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жалпы бюджеттің болжамды параметрлерін орындауды және түсімдердің жыл сайынғы оң динамикасын қамтамасыз ететіндігін көрсетті. Салық берешегі 31 046,2 мың теңгеге немесе 1,7 есеге өсті және корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемелерінің орындалмауымен байланысты. Сонымен қатар, аудит нәтижелері жалпы салық міндеттемесін орындау шаралары мен тәсілдері заңнамаға сәйкес қолданылатынын көрсетті. Бұл ретте салық есептілігі нысандарын камералдық бақылаудың төмен тиімділігі және мәліметтерді ұсынудың толықтығы мен дұрыстығы жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін бақылау байқалады. Бұзушылықтардың негізгі сомасы заңды тұлғалардың мүлік салығы бойынша 971,6 мың теңге, заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 581,0 мың теңге, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы 102,0 мың теңге сомасында анықталды

Аудит ауданның қаржы бөлімінде жекелеген кіріс көздері жүзеге асырылатын функцияларды есепке алмай уәкілетті органдарға бекітілгені анықталды, нәтижесінде мұндай кіріс көздерін әкімшілендіру жүзеге асырылмады.

Жер қатынастары бөліміндегі аудит нәтижелері жер алушылардың жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындауы бойынша есепке алуды жүргізбеуіне байланысты мекемеге бекітілген кіріс көздерін тиісті әкімшілендірудің жоқтығын көрсетті, нәтижесінде бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылығы қамтамасыз етілмеген, 603,3 мың теңге сомасында.

Жітіқара қаласы әкімінің аппараты Жер қатынастары бөлімімен өзара іс-қимылдың болмауына байланысты қала бюджетіне 5 370,3 мың теңге сомасында кірістің алынбауына әкелді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жүктелген функциялардың орындалмауы коммуналдық тұрғын үй қорын басқарудан түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылы қамтамасыз етілмеуіне әкелді, оның ішінде:

-5 783,3 мың теңге пәтерлерді жекешелендіруден және жалдау төлемдерінен түспеу;

-20 279,1 мың теңге 239 коммуналдық пәтерді жалдау шарттарының болмауына байланысты түсімдердің болмауы.

-269 258,6 мың теңге инвестициялық жылжымайтын мүлікті дұрыс есепке алмауға және бағалауды жүргізбеуге байланысты бюджет шығындары (жекешелендіру және пәтерлерді жалға алу кезінде төмендетілген құны).

Мемлекеттік аудит барысында бірқатар проблемалық мәселелер белгіленді, олар бойынша қолданыстағы заңнама мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметін жақсарту жөніндегі ұсыныстар қалыптастырылды:

- «Тұрғын үй қоры» мемлекеттік мүлік тізілімінің кіші бөлімін жүргізу тәртібін белгілеуге қатысты;

- негізгі құралдарды қайта бағалау тәртібін әзірлеу және бекіту;

- коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға алушыларға қатысты бюджетке жалдау төлемдерін төлеу және коммуналдық қызметтер алдындағы берешекті өтеу жөніндегі міндеттемелерді жосықсыз орындайтын шаралар қабылдауға қатысты;

- жер қатынастары жөніндегі мемлекеттік органның функциясын жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары бойынша.

Жергілікті атқарушы органдарға кіріс көздерін әкімшілендіру сапасын жақсарту мақсатында тиісті ұсынымдар берілді, анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы нұсқамалар жіберілді.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                             Р. Байғабұлов

 

Салықтық әкімшілендіру тиімділігінің, жергілікті бюджетке түсудің толықтығы мен уақтылығының мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша баспасөз релизі
Дата публикации
20 февраля 2024